Құрлық әскерлерінің әскери институтында патриоттық жиын өтті

Курсантардың ішкі рухын, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайта түсу, патриоттық сезімін жоғарылату мақсатында Құрлық әскерлерінің әскери институтында ауқымды да қызықты кездесу кеші өтті.

Құрлық әскерлері Әскери институтында жаңа штатқа байланысты биыл бірінші курс курсанттары барлығы бірдей жалпы әскери факультетте білім алуда. Жалпы әскери факультетінің бастығы полковник А.Мусин, дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы полковник А.Құлатаев  курсанттардың әскери саладағы мамандық таңдауда курсанттармен оң шешім қабылдануы бойынша көп іс-шаралар өткізуде.

Солардың бірі Отанға деген сүйіспеншілікті күшейте түсу, әскери – патриоттық сезімді нығайту, курсанттардың әскери жолды таңдауда рухтарын жоғарылату, жігерлігін арттыру мақсатында Құрлық әскерлерінің Әскери институты қабырғасында абсалютті Азия  чемпионы, панкратион бойынша үш мәрте әлем чемпионы,  Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері – Ардақ Назаров, кәсіби боксер - Жанқош Тұраров, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, әншісі Айжан Нұрмағамбетова, композитор - Бек Оралбеков, дәстүрлі әнші – Оралбай Думанның қатысуымен кездесу кеші өтті.

Шара барысында Бек Оралбеков өзінің патриоттық ән шашуын сыйлай отыра, курсанттарға ақжол тіледі. Патриоттық әндер тек курсанттардың ғана емес, сонымен қатар, ат салыса отырған офицерлердің рухтарын күшейте түсті. Айжан Нұрмағамбетова сахнаға шыққанда ду қол шапалақтың жаңғырығы 1 минуттай үзілмей тұрды. Бұл марапат – өз иесін шынайы халықтың демеуімен тауып, шын жүректен сыйланған гүл шоқтарымен есте қалдырды. Себебі Қазақстан Республикасының атақты әншілерінің арасынан, нақты Айжан Нұрмағамбетова біздің ұжымның бір мүшесі болып кеткен. Өйткені нағыз әнші ретінде өзінің шығармашылық жұмысын ұдайы біздің институтпен байланыстырып, әрқашанда қымбат уақытын бөліп, Отан қорғаушылар - курсанттарды тәрбиелеуде өз үлесін қосып, офицерлер мен қызметкерлердің көңілін бір сатыға жоғарылатып жүреді.

Сөз кезегі спорттың хас шеберлеріне де жетті. Ардақ Назаров және де Жанқош Тұраров сахнаға көтерілісімен, курсанттардың көздерінен от жалынындай ыстық леп күшейе түсті. Сөз басы – сүт қаймағы демекші, Ардақ Назаров әңгімесін қазақ халқынының батырларынан бастады. Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай және Райымбек батырдың ерліктерін тізіп шығып, қысқаша өмірбаяндарына шолу жасады. Курсантқа лық толы залды бір сәтте өзіне қаратып алған спорт шебері, келесі раундқа көшті. Курсанттарға ақын, жазушылар туралы сұрақ қоя отырып, бірде білімдерін тексерсе, бірде пікір-сайыс жүргізіп отырды. Әңгімені дөңгелете отырып, атақ-даңқы әйгілі қазақ батырларының ұрыс атақтарының мұрагері, Қазақ халқының қаһарманы, Совет Одағының батыры, белгілі жазушы – Бауыржан Момышұлы жайлы сөз. Нақтырақ алғанда, Бауыржан Момышұлының стратегиялық ой-өрісі және жедел қабілеттері, күмәнсіз, әйгілі әскери қайраткерлігі жайлы баяндады. Ол туралы кезінде Александр Бек («Волоколам шоссесі»), Әзілхан Нұршайықов («Шындық пен аңыз») атты туындыларында орын алғанын да айтып өтті. Бауыржан ағамыздың өмірінен мысал келтіре отырып, курсанттарды, болашақ офицерлерді, басқара және де бағына білуге шақырды. «Уақыт өткен сайын, ол біздің алдымызда өнерлі қолбасшы болып орын алады. Бұл әділ сөздер, бірақ қазақ халқының атақты ұлын толығымен сипаттамайды. Бұл сөздерге біз мыналарды қосуымыз керек: алғашқы қазақ әскери ғалымы, ойшыл, көрнекті әскери бастық. Ол осындай жоғары сөздерге өзінің әскери - теориялық ойлары үшін, әлемді өзінің философиялық жүйесінің елесімен құруы үшін және қолбасшылық өнері үшін лайық» - деп өз ойын тәмәмдады.

Кеш барысында курсанттар дәстүрлі әнші Оралбай Думанның домбыра демеуімен орындалған тамаша әндерін тыңдап, Жанқош Тұраровқа өз сұрақтарын қойып отырды. Әрине әр кештен естелік болады, осы дәстүрге сай кеш соңында қонақтарымызға шексіз алғысымызды білдіріп естелік сыйлар таратылды. Өз қатарларынан олар курсанттармен естелік суреттеріне түсті. Іс-шара мәресіне жетті, алайда кештен қалған сезім әр курсанттың жүрегінде, ой санасында ерекше естелік қалдырғаны анық. 

  

    Капитан Б.ОМАРОВА,

    ҚӘӘИ идеология және әскери-патриоттық бөлімнің аға офицері 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"