Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдері мен құрамаларында кадеттіктер жауынгерлік тәжірибеден өтуде

Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусының кадеттері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдері мен құрамаларына әскери тәжірибе жинақтауға келді.

Кадет корпусының оқу-жаттығу бағдарламасына сәйкес Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдері мен құрамаларында кадеттіктердің әскери тәжірибе жинақтау кезеңін өткізу ұйымдастырылды. Бұл үдеріс жаңа оқу жылының басталу кезеңіне тұспа-тұс келді. Кадеттіктер мотоатқыштар, танктік, артиллериялық, десанттық шабуылдау және теңіз жаяу әскерлері бөлімшелерінің командилері лауазымдарында тәжірибе жинақтайды.
Барлық практикалық сабақтарға екінші курстың 300 кадеті тартылады. Жауынгерлік тәжірибе екі ай бойы өтеді. Осы уақыт ішінде болашақ сержанттар теориялық білімдерін іс жүзінде машықтануға жұмсап, Кадет корпусының қабырғасында алған білімін, көшбасшылық ерекшеліктерін көрсетуге және Қарулы Күштерде шынайы әскери қызмет атқаруға дайындалуға тиісті.
«Биылғы жылы жауынгерлік даярлық үдерісіне қатысуға мүмкіндігі болуы үшін кадеттіктерді жаңа оқу жылы кезеңінің басында тәжірибе жинақтау мерзімі қаңтар айынан желтоқсан айына ауыстырылды. Тәжірибе жинақтаушы кадеттіктер үшін ерекше маңызды кезең мамандықтар мен бөлімшелердің жасақталуы кезеңі болып табылады. Дәлі осы кезеңде сержанттар жеке құрамды оқытуға және өздерінің бөлімшелерін басқарудағы командалық дағдыларын арттыруға негізгі күштерін жұмсайтын болады», - деп Қарулы Күштердің бас сержанты шебер-сержант Темірбек Халықов атап өтті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"