Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары парашютпен оқу секірулерін пысықтады

«Командалық-тактикалық аэроұтқыр әскерлері және арнайы мақсаттағы әскерлері» мамандығы бойынша білім алып жатқан Құрлық әскерлері Әскери институтының 4-курс курсанттары ағымдағы жылғы оқу жоспарына сәйкес Ан-2 әскери-көлік ұшағынан оқу-жаттықтыру секірулерін орындады.

Әуе-десанттық дайындық жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін қарсыластың тылына десанттауға жеке құрамның, қару-жарақ пен әскери техниканың ұдайы әзірлігін қамтамасыз ететін әскерлердің жауынгерлік даярлығының негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Парашютпен секірулерді орындауға медициналық талаптарға сай келетін, жерүсті дайындығының толық курсын меңгерген, сынақты «жақсы» деген бағаға тапсырған және бекітіліп берілген парашюттерді жеке өзі жинаған әскери қызметшілерге рұқсат етіледі.

«Әрбір секіру алдында курсанттар тренажерларда әртүрлі жаттығуларды пысықтайды, парашюттерді жинайды және әуе-десанттық кешеннің снарядтарында парашютпен секіру элементтерін орындайды, оқытушыларға нормативтерді тапсырады. Онсыз болмайды, себебі, секіруді орындау қауіпсіздігі конструкцияның беріктілігінен ғана емес, сонымен бірге, жеке құрамның бұл құралдарды қаншалықты игергеніне байланысты», - дейді Құрлық әскерлері Әскери институты әскери және арнайы барлау кафедрасының оқытушысы подполковник Роман Акмаев.

Жаттықтыру сабақтарының қорытындысы бойынша десанттау сәтті өткенін, барлық курсанттар қойылған тапсырмаларды ойдағыдай орындағандарын айта кеткен жөн.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"