Құқық бұзушылықтың алдын алу қашанда маңызды

Құқық бұзушылықтың алдын алу қашанда маңызды

Еліміз Қарулы Күштерінде 2016-2018 жылдары құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Бағдарламаның және «Армияда қылмысқа орын жоқ» Бағдарламасының іс-шараларын іске асыру бағытында 36739 әскери бөлімі мен Алматы өңірлік гарнизонының Әскери полиция жасағы арасында тығыз байланыс орнатылған.

«Армияда қылмысқа орын жоқ» Бағдарламасының 45 тармағын іске асыру жоспарының іс-шараларын орындау және әскери қызметшілер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қазан-қараша айларында «Тоқта және сөйлес» атты акция аясында дөңгелек үстелдер мен басқа да іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Атап айтқанда, Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының анықтау және іздестіру бөлімінің офицері әділет майоры Алмас Кәріпбаев пен әділет капитаны Дархан Бақытбек 36739 әскери бөлімі мен бағыныстағы Алматы әуе қозғалысын басқару аудандық орталығының жеке құрамымен «Нөлдік төзімділік» принципін есепке ала отырып, әскери қызметшілермен түсіндіру және жеке тәрбие жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар «Отбасылық жанжалдардың алдын алу» тақырыбында сабақтар өтті.

Қарулы Күштерде әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі қызмет ашылған уақыттан бастап, аталған бағыттағы жұмыстар жаңдана бастады. Осы қызметті атқарушы лауазымды тұлғалар әскери қызметшілердің отбасыларымен тікелей жұмыс атқарады. Олардың әлеуметтік жағдайларын зерделеп, қажеттіліктерін анықтайды. Жанұяларда сау моральдық жай-күйді қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

Әскери қызметшілердің арасында өтіп жатқан Бағдарламалардың дұрыс бағытта болуына бөлім басшылығы ҚР Қарулы Күштерінде қылмыспен күрес жүйесін, құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен оларды ескертуді жетілдіру мәселелерінде әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары үйлестіру кеңесінің отырыстары жұмысына белсенді түрде қатысады. 36739 әскери бөлімінің командирі полковник Амангелді Гусманов осы жұмыстарға үлкен қол үшін беруде.

Аталған тақырыпта өткізілген іс-шаралар әскери қызметшілердің құқықтық ой өрісінің кеңеюіне, құқықтық мәдениетінің қалыптасуына және олардың мемлекеттік қызметке деген көзқарастарының дұрыс қалыптасуына оң ықпал етеді.

 

Подполковник Бақытжан Өмірбеков,

36739 әскери бөлімі командирінің

(ТжИЖ жөніндегі) орынбасары

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи