"Құмар ойындарды тоқтату" айлығы жалғасуда

Әскери полиция органдарының әскери қызметшілері 2017 жылы 9 қаңтар – 9 ақпан аралығына белгілеген «Құмар ойынға жол жоқ» айлығы жалғасуда.

   ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының жоспарына сәйкес қолға алынған «Құмар ойынға жол жоқ» айлығы әскери бөлімдердің командирлерімен бірлесе отырып, жеке құрамның арасында өз-өзіне қол жұмсау, құмар ойындар ойнау, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтар секілді әскери тәртіпке жат қылықтардың алдын алып, жіті бақылауға алатын әскери қызметшілерді анықтауды мақсат етеді. Соңғы жылдары несиелерін уақытында төлей алмай, қарызға белшесінен батқандықтан көп қабатты үйлердің балконынан, шатырынан, көпірден секіру, жіпке асылу сияқты өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің жиілеп кеткені рас. Осындай келеңсіз жәйттардың әскери өмірде болмауын да көздейді бұл шара. Сондай-ақ, ерлік, намыс пен парызды өлімнен биік қойып, Отанға сенімділікпен адал қызмет етуге шақырады.

   Айлықтың аясында Семей өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының жеке құрамы Семей гарнизонының әскери бөлім командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарларымен дөңгелек үстел басында жеке құрамның арасында құмар ойынға әуес әскери қызметшілер әрекетін алдын алудың іс-шарасын жүргізу жайында тәжірибе алмасты. Әйелдер кеңесінің кездесу-отырысында құмар ойындар ойнайтын, екінші деңгейдегі банктерден несие алған, борышкер, өзге де түрлі қиындықтары бар әскери қызметшілерді анықтап, олармен жеке-жеке тәрбие жұмысын жүргізу барысы талқыланды. Қазақстан Ұлттық Банк өкілдерін шақырту арқылы жеке құраммен «Несие зардабы» тақырыбында сұрақ-жауап отырысы ұйымдастырылып, несиесі жалақы мөлшерінің 50 пайызынан асатын әскери қызметшілерге пайдалы кеңес берілді. 

Психолог мамандар әскери қызметшілерден өз-өзіне қол жұмсауға бейім әскери қызметшілерді анықтау үшін психологиялық тест те жүргізді. Қорытындысы бойынша бөлім (бөлімше) бастықтарына жеке жұмыс жасау қажеттілігі жеткізілді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"