Қуатты біздің армия: ҚР Қарулы Күштеріне - 24 жыл

Міне, биыл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – 24 жыл.
Жиырма үш жылын артқа тастаған еліміздің қорғаныс саласы осы жылдар ішінде небір белестен өтіп, небір қамалдарды алды. Бұғанасын бекітіп, қанатын қатайтты. Өсті, өркендеді, осылайша, бүгінгі келбетіне жетті.

Іргетасы қаланды

 

Тарихтан мәлім, 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жо­ғарғы Кеңесі мемлекеттің егемендігі туралы Декларацияны халыққа жариялады. Осы жылы бұрынғы КСРО респуб­ли­ка­ларының басшылары бас қосып, Кеңес Армиясының әс­кери қуаты мен жауынгерлік әлеуетін сақтап қалу үшін Тәуелсіз Республикалар Одағының Біріккен Қарулы Күштерін құру туралы шешім қабылдайды. Алайда, 1991 жылғы Беловеждегі Ресей, Украина, Белоруссия бас­шылары кездесуінің нәтижесінде біртұтас қарулы күштері бө­лінуі қажет болды.  Осы жағ­дай­ды және елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жыл­ғы 7 мамырда № 745 Жарлығымен Қа­зақ­стан Республикасы Қарулы Күш­тері­нің құрылғанын жариялады.

Міне, сол кезден бастап қазіргі Қазақстан армиясының іргетасы қалана бастады. Оның құрамына Қорғаныс министрлігі, Бас штаб, Құрлық әскерлері, Әскери-әуе күш­тері мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері кір­ді. Біртіндеп әскерді тастап кетпеген кәсібилердің күшімен әскери жүйе пайда болды. Өзгерген жағдайға байланыс­ты жаңа Қарулы Күштердің мақсаты мен мін­деттері, оны шешудің жолдары белгі­лен­ген нормативті-құқықтық базада жасалды.

Айта кетейік, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы  – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ал, тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов болды.

 

Алғашқы қадамдар жасалды

 

Мұның алдында Қазақстан тари­хын­дағы алғашқы орталық басқару органы және республикалық әскери комиссариат пен республиканың Азаматтық қор­ға­ныс штабының базасында құрылған Мемлекеттік қорғаныс ко­митеті Қазақстанда орналасқан барлық әс­кери құралымдардың командирлерімен ты­ғыз байланыс орнатуға, олардан әскер­лер­дегі істің жағдайы туралы айқын­дал­ған ақпараттар алуға қол жеткізген-ді. Осы үрдіспен елдің жеке Қарулы Күш­терін құру және оларды Республика ұлттық қауіпсіздік жүйесіне ықпал­дас­ты­ру, атқарушы билік органдарымен және қуат­ты ведомстволармен қарым-қатына­сын қамтамасыз ету, әскерлерді басқару мен жауынгерлік әзірлікті жөнге келтіру, қар­жы­лық, тылдық және материалдық қамта­ма­сыз етуді ұйымдастыру қажет саналды. Яғни, барлық назар әскери мекеменің то­лыққанды жұмыс істеуіне, заңнамалық актілер пакетін жасап, оны қабылдауға, жас­тарды өз әскеріміздің қатарына ша­қы­ру­ға, күнделікті жауынгерлік оқу-жат­ты­ғу­ларды ұйымдастыруға, әскерлер мен штаб­тардың әскери-жауынгерлік қызметі­нің тәртібін белгілеуге аударылды.

Ант, жарғы, әскери доктрина, идеология, қамтамасыз ету жүйесі, елдің ал­ғаш­қы әскери басшылығы, әскери кадр­ларды даярлау базасы, командалық құрам­ды тағайындау сияқты қолға алынған мәселе­лер­ алғашқы жасалынған қадамдар еді.

Әрбір қадам мен нақты істердің басы-қасында, әрине, ел Президенті Нұрсұлтан На­зар­баев болды. Мемлекет басшысының жарлықтарымен жә­не өкімдерімен дербес Қарулы Күштерді құру­дың қажетті алғы-шарттары мен Отанды қорғауға олардың дайындығын қамтама­сыз етудің негіздері жасалып, күш біріктірілді.

 

Жоспарлы түрде дамыды

 

Еліміздің Мемлекет басшысы – Қарулы Күштердің Жо­ғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша Қорғаныс ми­нистр­лігі алдында қысқа мерзім ішінде ұтқыр, ұрысқа қабілетті армия құру міндеті тұр­ды. Осы орайда Шы­ғыс, Оң­түс­тік, Батыс және Орталық әс­ке­ри округтері дүниеге келді. Тоқса­нын­шы жылдардың ая­ғын­да ел Қарулы Күш­тері­нің құрылымы реформаланып, Қару­лы Күштер­дің үш түрі – Жалпы мақсаттағы Күштер (бұрынғы Құрлық әс­кер­лері), Әуе Қорғанысы күш­тері мен Мемлекеттік шекараны қорғау күштері енгізілді.

Жаңа ғасырдың басында ел экономикасы жақсарған соң жас мем­лекеттің Қарулы Күш­терін­де оң өзгерістер болып жатты. Осының бар­лығы болмысқа бейімделу қажеттігінен Қазақстанның жаңа әскери доктринасын қабылдауға, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құры­лы­мын әрі қарай жетілдіруге әкеп соқты. Ал, оны жүзеге асыру үш түрлі құры­лымға ауысуды қажет етті. Сөйтіп, Құрлық әскерлерінің құрамына – «Астана», «Оңтүстік», «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары, Әуе қорғаныс күштері мен Әскери-теңіз күштері кірді. Екі дербес әскер тектері – Аэроұтқыр әс­керлері – Жоғарғы Бас қолбасшының ре­зерві, Ракета әскерлері мен артиллериясы да пайда болды. Дәл осы жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы­ның базасында жаңа әскери басқару органы – Штабтар бастықтары комитеті құрылды.

Сондай-ақ, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту­да әскери резервті дайындау, тұрғын үймен қам­тамасыз ету, жинақ­тау шоты жү­йе­сін құру, ипотека, тұрғын үйді жалға алу, гарнизондарда спорт­тық және мәдени-демалыс кешендерін, балалар бақшасының құрылысын салу да  қолға алынды.

Осылайша, жоспарлы түрде дамыған Қарулы Күштері жиырма жылдың белесінен асып, әрі қарай адымына бет түзеді.

 

Мәртебесі биіктеді

 

Қазір Қазақстанның  қуатты Қарулы Күштеріне әлем елдері де тәнті.

Өйткені, бірегей мемлекет­тік әскери-техникалық саясатты жүзеге асыруда халықаралық ынтымақтастық пен бітімгерлікті ұстанатын елдің сап түзеген әскеріне, оның жауынгерлік іс-қимылы мен әлеуетіне әртүрлі оқу-жаттығулар мен шараларда көздері жетіп жүр.

Мәселен, жедел ден қоятын ұжымдық күштерді құру жөніндегі Келісімге қол қойылғаннан бері (2009 жылғы 14 маусымда) ұйымға мүше мемлекеттердің жетекші­лері халықаралық жаттығуларға бірге қатысып жүр. Осы орайда  Қазақстан Республикасының аума­ғын­да өткізілген алғашқы «Бейбіт миссия-2010» террорға қар­сы бірлескен әскери оқу-жаттығуын мақтанышпен айта кетейік.  Сол кезде Қазақстанның кең көлемді халық­ара­лық жаттығуларды өткізуге қолайлы материалдық базасы мен заманауи техникамен жабдықталған Қарулы Күштері себеп болғаны анық. Бұдан кейін еліміздің әскерлері халықаралық ынтымақтастықпен өзара тәжірибе алмасу мақсатындағы «Өзара іс-қимыл», «Мызғымас бауырластық», «Дала қыраны», «Жауынгерлік ынтымақтастық» және тағы басқа да бірлескен оқу жаттығулардан да көзге көрініп жүр. Былтыр ғана мысалы, «Өзара іс-қимыл-2015» бірлескен оқу-жаттығуында қазақстандық әскери қызметшілер үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы «Іле» оқу-жаттығу алаңында өткен «Дала қыраны - 2015» халықаралық тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуында да қазақстандық әскерилер жақсы нәтиже көрсетті.

Тағы айтпасқа болмайтын жайт, 2010 жылы бастау алған  «KAZAK­HSTAN DEFENCE EXPO – 2010»халықаралық қару-жарақ, әскери техника және әскери-техникалық мүлік көрмесі арқылы да ҚР Қарулы Күштері  жаңа ха­лық­аралық аренаға қару-жарағымен, әс­кери техника мен байланыс және әскери мүл­кі­мен танылды.

Биыл төртінші мәрте ұйымдастырғалы отырған  KADEX-2016» халықаралық көрмесі де мемлекет­ара­лық серік­тес­тікті нығайту мақсатында, зияткерлікті, әскери өндірісті, техниканы және технологияны танытуға, әскери құрал-жабдық пен техника шығаратын қорғаныс өндірісінің әлеуетін арттыруда көз сүйсінтер іс болайын деп тұр.

 

Сөз соңы

 

Қазір қарап отырсақ, әскерилердің жауынгерлік әлеуеті едеуір артқан. Өйткені, жоспарлы түрде өткізілетін жыл сайынғы жауынгерлік даярлығымызға арналған оқу-жаттығуларымыз бар. Мәселен, 2015 оқу жылында ҚР Қарулы Күштерінде 3 600-ден аса оқу-жаттығу өткізіліпті. Соның ішінде әртүрлі қарудан 21 000-нан аса практикалық оқ атулар өткізілгенін айта кетейік.

Ал, биыл жыл басы «Мәңгілік ел» тұғыры – Қуатты Армия» ұранымен, дабылмен қызу басталды. Алдағы уақытта да әскерилерді түрлі оқу-жаттығулар мен халықаралық сайыстар күтіп тұр. Соған дайын болу үшін қазақстандық әскерилеріміздің жауынгерлік дайындығына мән беріліп, нақты міндеттер атқарылуда. Қазір жауынгерлік даярлықтың сапасын арттыруда әскери қызметшілердің классикалық жауынгерлік іс-қимылдарына ден қоюға, таулы және елді мекендердегі қорғаныс, шабуылдау, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге, тау ішінде  жаяу жүріс марштарын жасау, қыста шаңғы тебуге, стратегиялық, жедел-тактикалық және тактикалық оқу-жаттығуларда шыңдала түсуге аса мән берілген. Осыған дейін талай белестен өтіп, талай қамалды алған Қазақстан армиясы осындай әрі халықаралық оқу-жаттығуларда шыңдалып әрі ықшам әрі кәсіби әскер екенін тағы дәлелдеп, шығары хақ.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"