Қуаныш сыйлаған игі бастама

Қуаныш сыйлаған игі бастама

Балалар құқығы туралы Біріккен ұлттар ұйымының конвенциясына Қазақстан Республикасының ратификациялауына 20 жылдығына арналған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына әскерилер де орасан зор үлестерін қосып отыр.

«Балаларға мейірім сыйла» атты ұранмен бастау алған бұл іс-шараның мақсаты – аз қамтылған отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесу болғандықтан, жанашыр жандар өздерінің ыстық ықыластарын аямады. Жанары жәудіреген балалардың өз қатарынан қалғысы келмейтіні заңды.

Ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамайтын Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұжымы осы орайда әйелдер кеңесі отырысын өткізіп, қамқорлыққа тапсырған Тілепбаева Айгерімді және інісі Тілепбаев Таңатарды мектепке мұнтаздай етіп, барлық керек-жарақтарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырды. Өздері қалаған, жасына қарай жарасымды, сапалы оқуға қажетті заттарға қолдары жеткен балалардың және анасының ризалығында шек жоқ.

Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағының тамшысындай жас бүлдіршінді қуанышқа бөлеп, халқымыздың асыл қасиеттерін бала бойына дарытып, қоғамымызда қалыптасқан достық сезімді кейінгі ұрпақ санасына сіңіруге септігін тигізетін игі істеріміз жалғасын таба бергей!

                                                                         Нағима АРТЫҚБАЕВА

Жамбыл облысының Қорғаныс

істері жөніндегі департаменті


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"