ҚР Қорғаныс министрлігінде қаржы органдарының бастықтарымен оқу-әдістемелік жиындар басталды

Астанада ҚР Қарулы Күштері қаржы органдарының бастықтарымен оқу-әдістемелік жиындар басталды. Жиынға Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК Бас штабының басшылығы, ҚР ҚК түрлер бас қолбасшылары және құрылымдық бөлімшелердің бастықтары қатысты.

Жиынның тақырыбы 2017 жыл бойынша республикалық бюджеттің игерілуі бойынша қаржы қызметінің қорытындысын шығару және алдағы кезеңге қаражатты мақсатты әрі тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмаларды айқындау болды.
«2017 жылы бөлінген бюджеттік қаражатты уақтылы және тиімді игеру жөнінде ауқымды жұмыс жүргізілді. ҚР Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының қамқорлығы мен қолдауының арқасында Қазақстан әскери қызметшілерінің әлеуметтік пакеті анағұрлым кеңейді. 2017 жылғы 1 сәуірден бастап офицерлерге сыныптылығы үшін берілген біліктілікке қарай лауазымдық жалақыдан 3,5% - дан 10-30%-ға дейін, 1 шілдеден бастап барлық әскери қызметшілердің лауазымдық жалақылары 25%-ға ұлғайды. Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап баспанамен қамтамасыз етудің жаңа үлгісі енгізілді. Одан басқа, қазіргі уақытта Қазақстан жаһандық цифрландыру дәуіріне аяқ басты. Еліміздің түкпір-түкпірінде бизнес үдерістерді автоматтандыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Сәйкесінше, Қорғаныс министрлігі де бұл мәселеде қалыс қалмауы тиіс. Бюджетті жоспарлану сапасы мен оның тиімді орындалуына Қарулы Күштерге қойылған тапырмалардың орындалуы байланысты», - деді өзінің сөз сөйлеуінде ҚР Қорғаныс министрі.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"