ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы 280 кадетті оқуға қабылдауға дайын

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусына іріктеу жалғасуда. Биылғы жылы оқу орны 280 кадетті оқуға қабылдауға дайын. Жыл сайын оқуға 1 500 жас қазақстандық құжаттарын тапсыратынын ескере отырып, ниет білдірушілерге бірқатар талаптарға сай болу үшін маңызды байқаудан өтуге тура келеді.

Біріншіден, үміткерлердің жасы. Бұдан бұрын әскери қызмет өткермеген бозбалалар Кадет корпусына 17-21 жас аралығында оқуға түсе алады. Әскери қызмет өткерген немесе қазіргі уақытта мерзімді әскери қызметтегі азаматтардың оқуға түсу жасы 24 жасқа дейін, ал қазіргі кезде ҚР ҚК-де келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүргендердің жасы 25-ке дейін шектелді. Одан басқа, болашақ кадеттердің денсаулығы мықты және үлгерімі 3,5-тен төмен емес орташа баллы бар білімі туралы құжаты болуы тиіс. Бұл ретте ҰБТ сертификаты мен кешенді тестілеудің нәтижесі қажет емес. Нағыз кадет болмас бұрын бозбалаларға іріктеудің бірнеше кезеңдерінен өту қажет. Ең алдымен алдын ала медициналық куәландыру. Оны талапкерлер өтініш берген жері бойынша өтеді. Әрі қарай алдын ала кәсіптік-психологиялық іріктеу, дене даярлығын тексеру, соңғы медициналық куәландыру және кәсіптік-психологиялық іріктеу. Ал ең соңында конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау. Барлық осы кезеңдерді бозбалалар 20 шілдеден бастап тамыздың бірінші жартысына дейін Кадет корпусында өтеді. Бұл ретте қолданыстағы әскери қызметшілер, азаматтық балалар мен әскери мектеп түлектерінің кезеңдерді өту мерзімі ерекшеленеді. Ш. Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусы – бүгінгі таңда кіші командалық құрамдағы әскери кадрларды дайындауды жүзеге асыратын Қазақстандағы бірден-бір оқу орны. Оқу орны мотоатқыш, танкті, әуе-десанттық әскерлер мамандықтары бойынша кадрларды дайындайды. Жалпы оқыту мерзімі 1 жыл 10 айды құрайды. Бұл уақыт ішінде кадеттер әскери ғылымды теория жүзінде және ҚР ҚК әскери бөлімдерінде іс жүзінде меңгереді. Оқу аяқталысымен барлық кадеттер ҚР ҚК-нің әскери бөлімдеріне бөлінеді. Әрқайсысымен 10 жылдық мерзімге келісімшарт жасалады. Биылғы жылы Кадет корпусы 185 кадетті түлетіп ұшырды. Білім ошағы құрылған сәттен бастап 20 жыл ішінде оқу орны әскерлерде қызмет атқарып жүрген 2 500-ден аса сержантты дайындап шығарды.
Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"