ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

ҚР Қорғаныс министрлігі «Әскер-Медиа-2017» алғашқы республикалық баспасөз фестивалін өткізеді

ҚР Қорғаныс министрлігі «Әскер-Медиа-2017» алғашқы республикалық баспасөз фестивалін өткізеді

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі республикалық және өңірлік деңгейдегі, баспасөз, телевизиялық және электрондық БАҚ, радио және блогерлердің басын біріктіретін «Әскер-Медиа-2017» тұңғыш республикалық баспасөз фестивалін өткізеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты Қарулы Күштердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, ҚК қызметін бұқаралық ақпарат құралдарымен білікті және дәйекті түрде жария ету, қоғамдық позитивті пікір қалыптастыру, әскери қызметтің беделін насихаттау және арттыру, бірлескен медиа-жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Конкурстық жұмыстарды іріктеу кезінде барлық қатысушылар абсолюттік тең жағдайда болады.

Бағалаудың басты өлшемшарты жоғары кәсіби деңгей, тақырыптың өзектілігі және мазмұндау тілінің мәнерлілігі болмақ. «Әскер-Медиа-2017» республикалық баспасөз фестивалінің қорытындысы бойынша «Үздік телевизиялық бағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Баспасөз БАҚ-тағы үздік материал», «Ақпарат агенттігіндегі үздік жұмыс», «Үздік фотожұмыс», «Әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамалардағы үздік жұмыс», «Үздік әскери шолуыш», «Үздік жас журналист», «Үздік өңірлік БАҚ» аталымдары бойынша БАҚ-тың үздік өкілдері таңдалатын болады.

Ағымдағы жылғы 10 шілдеде байқауға қатысу шарттары, сондай-ақ «Әскер-Медиа-2017» тұңғыш қазақстандық баспасөз фестивалінің ережесімен ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында толыққанды танысуға болады.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах