ҚР Қорғаныс министрінің үндеуі

Құрметті қызметтестер!


Жоғарғы Бас қолбасшы қойған Қарулы Күштердің басты міндеті – еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын әскери құралдармен қамтамасыз етуге ұдайы әзірлікте болу. Бүгінгі Қазақстанның Қарулы Күштері – әскери борышына адал және өз ісіне шын берілген әскери қызметшілердің үлкен ұжымы. Офицерлер, сержанттар мен сарбаздар әскери қызметтің қиындығы мен ауыртпалығына табандылықпен төзіп, азаматтарымыздың бейбіт өмірін қорғай отырып, күнделікті ерен еңбегімен еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға үлес қосуда. Патриотизм, міндет және абырой – жеңімпаз армияның негізін қалайтын моральдық-рухани құндылықтар.

Әскери қызметшіге қоғам мен құқық қорғау органдары үнемі назар бөлуде. Отан қорғаушы ретінде ол Отан үшін жанын қиюға әзір болуға тиіс. Қазақстан әскери қызметшілерінің моральдық-этикалық қасиеттері жоғары болғанымен, Қарулы Күштердің имиджіне сыбайлас жемқорлық көріністері мен әдепті бұзу жағдайлары теріс ықпал етуде. Қарулы Күштерде жол берілген сыбайлас жемқорлықтың әрбір фактісі халықтың армияға, оның қатерлерге қарамастан, ел қорғау қабілетіне деген сеніміне нұқсан келтіреді. Парақор әскери қызметші – қылмыстық орта мен шетел арнаулы қызметтері үшін қолайлы объект. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жиі кездесетін түрлері – мемлекеттік сатып алуды жүргізу, әскери оқу орындарына түсу, келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және қызметі бойынша ілгерілету, құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершіліктен босату кезінде ақша жинау және пара алу түріндегі қызмет бабын теріс пайдалану болып табылады. Әскери қызметті өткеруді кейінге қалдырғаны және тіпті әскери қызметшілердің заңды құқығын іске асырғаны (кезекті әскери атақтар, демалыстар және т.б. беру) үшін ақша жинау жағдайлары орын алуда. Есепке алуды және есептен шығаруды бұрмалау нәтижесінде ақша қаражатын және материалдық құралдарды ұрлау фактілері де байқалуда.
Сыбайлас жемқорлықтың себептері сан-түрлі факторлар болуы мүмкін. Бірақ, бұлардың ең бастысы жекелеген бастықтардың құқықтық нигилизмі және әділетсіздігі, кейбір азаматтардың, оның ішінде әскери қызметшілердің пара беріп, парақорларды заңсыз байытуы, «жемқорлардың ықпалымен әрекет ету», сондай-ақ жеткіліксіз профилактикалық жұмыс және нашар бақылау болып табылады. Көптеген адамдардың осындай фактілермен ұшырасқаны, куәгер болғаны, қызметтестерінен ол туралы естігені, бірақ болып жатқан жағдайға көз жұма қарап, үндемеуді жөн көргені анық.
Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлықты жою үшін барлық күш-жігерді қолдану қажет. Осыған орай, Қорғаныс министрлігінің басшылығы ұдайы негізде: қызмет бабында ілгерілету, әскери атақтар, наградалар беру мәселелерінде объективті тәсілге қол жеткізуі; қызмет өткеру жағдайын жақсартуы; жиналып қалған әлеуметтік мәселелерді шешуі; әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын және олардың әл-ауқатын арттыруы қажет. Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, әскерлер қолбасшылары, бөлімдер мен бөлімшелер командирлері: қызмет уақытының регламентін, уақтылы демалыстар мен төлемдерге, әлеуметтік және медициналық қамтамасыз етуге құқығын сақтауды қоса алғанда, әскери қызметшілердің барлық құқығының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етсін; сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау жөніндегі профилактикалық жұмысты жүйелі түрде, оның ішінде анонимді сауал және сауалнама жүргізу, «сенім телефондарын» қолдану, әскери қызметшілердің басшылыққа тікелей өтініш білдіру мүмкіндігін кеңейту, сондай-ақ жеке қабылдау арқылы жүргізсін; құқық бұзушылықтар мен қылмыс жасау анықталған кезде оларды жасырмай жоғары тұрған қолбасшылыққа баяндасын, әскери құқық қорғау органдарына және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияға материалдарды берсін, әрбір фактіні қадағалап, жеке құрамды тергеу барысы мен оның нәтижелері туралы ұдайы ақпараттандырсын. Барлық әскери қызметшілер: сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен ымырасыз күреске дайын болсын, оның барлық көріністеріне төзбеушілік танытсын; басшылыққа және құқық қорғау органдарына сыбайлас жемқорлық фактілері туралы дереу хабарласын. Әрбір келіп түскен сигнал қараусыз қалмайды! Әскери ортада немқұрайлы адамдар болмауға тиіс. Мен бұдан бұрын Қарулы Күштерде кез келген қылмысқа және құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» туралы жариялаған болатынмын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі жөніндегі комиссияның жұмысына ерекше назар аударылатын болады, бұл жұмысты жаңа деңгейге шығару қажет. Әрбір әскери қызметші «бюджет қазынасына» және қызметтесінің «қалтасына» қол сұғудың қылмыс екенін жете түсінуге тиіс. Біз күш-жігерімізді біріктіре отырып, Елбасының жоғары сенімін ақтайтынымызға және Қазақстан әскери қызметшісінің бейнесін жас ұрпақ мақтан тұтатындай әрі үлгі-өнеге ететіндей қалыптастыра алатынымызға сенімдімін.
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі Н.Ермекбаев

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"