ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

ҚР Қорғаныс министрі Ұлттық қорғаныс университетінде дәріс өткізді

ҚР Қорғаныс министрі Ұлттық қорғаныс университетінде дәріс өткізді
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

Әскери ведомство басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов ҚР ҚМ басшылық құрамы, профессорлық-оқытушылар құрамы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушыларымен «Мемлекеттің әскери қауіпсіздігі жүйесінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің рөлі мен орны» тақырыбында 2017-2018 оқу жылына арналған дәріс өткізді.

Аудитория алдында сөз сөйлей отырып, Қорғаныс министрі бүгінде өңір мен әлемде күрделі қалыптасып жатқан жағдайларда Қарулы Күштердің рөлі ұлғаюда және Елбасының тікелей қолдауы, жеке қатысуының арқасында қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық бүтіндігін кепілді түрде қамтамасыз етуге қабілетті «бізде саны жағынан аз, алайда, жауынгерлік әзір және жауынгерлік қабілетті, армияға ие болып отырмыз». Жалпы алғанда, дәрісте әлемдегі және Орта-Азиялық өңірдегі әскери-саяси жағдай, оның Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ықпал етуі мазмұндалды.

Әскери жоспарлаудың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негізгі мазмұны ұсынылған, сондай-ақ Қарулы Күштердің ағымдағы жай-күйі мен дамуының бағыттары ашылды. Кездесу барысында Қорғаныс министрі университеттің басшылығына магистрлік (докторлық) диссертацияларды әзірлеу сапасына және олардың өзектілігі мен практикалық бағыттылығына рөл мен жауапкершілікті арттыруды тапсырды.

Сондай-ақ оқытушылардың ғылыми-әдістемелік дайындығына, тың педагогикалық және басқарушылық ойды қалыптастыруға, инновациялардың, білім беру және басқарушылық технологиялардың кең қолданылуына, кәсіптік-бағдарланған шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру мен шыңдауға ерекше көңіл бөлді. ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы ғылыми және әскери білім беру мекемелерінің қызметін жетідіруге үлкен көңіл бөлетінін айта кеткен маңызды. Олардың қызметі заманауи талаптарға сай келуі үшін барлық қажетті дүние жасалуда. Оқытудың ұйымдастырылуы, мазмұны және әдістемесі жақсартылуда, материалдық-техникалық және ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету жаңартылуда, әлеуметтік инфрақұрылым дамуда.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах