ҚР Қорғаныс министрі ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты

ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың жетекшілік етуімен қазақстандық әскери делегация Душанбе қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесі отырысының жұмысына қатысты.

Отырыста тараптар әртүрлі байланыс жүйесін пайдалану, Армия ойындарының халықаралық ассоциациясын құру, 2020 жылға дейін ТМД елдері қарулы күштерін инженерлік қамтамасыз ету аясындағы ынтымақтастық, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына дайындық мәселелерін талқылап, 2018 жылы Достастық мемлекеттері ӘШҚҚ біріккен жүйесінің бірлескен іс-шараларын белгілеп қойды.

Одан басқа, қорғаныс ведомстволарының басшылары ТМД шеңберінде бірқатар оқу-жаттығуды өткізуге қатысты құжаттарға, 2018 жылға арналған қорғаныс министрлері кеңесінің жұмыс жоспарына қол қойды. Отырыс жұмысының қорытындысы бойынша ТМД ҚМК қатысушылары топографиялық салада, әскери БАҚ-та әскери ведомстволардың өзара іс-қимылының әрі қарайғы даму бағытын, мұрағаттық құжаттармен алмасу және Достастық елдерінің қарулы күштерінде әскери-мемориалдық жұмыс мүддесінде дерекқорды пайдалану, дене даярлығы мен спорт және бірқатар өзге де құжаттар аясындағы ынтымақтастықты дамытуды айқындады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 12 қазанда ТМД қатысушы мемлекеттері қорғаныс министрлерінің Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесуі өтті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"