ҚР Қорғаныс министрі шақырылым барысын тексерді

2016 жылдың 20 қазанында ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Алматы қ. қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қалалық жиын пунктіне жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында қорғаныс ведомствосының басшысы ағымдағы жағдай мен «Күз-2016» шақыру науқанының өткізілу барысы туралы Алматы қ. қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының баяндамасын тыңдады. Жиын пунктінде Қорғаныс министрі шақырылушылардың медициналық тексеру мен психологиялық тестілеуден өту үдерісімен танысып, болашақ сарбаздармен әңгімелесті, сондай-ақ, мерзімді қызметке шақырылу барысын, сапасы мен ұйымдастырылуын тексерді. «Мен мақтаныш сезімдемін. Өйткені, әскерге бару республикамыздағы әрбір азаматтың борышы деп білемін. 

Барша жаңадан шақырылушылардың атынан Отанымызға адал қызмет етеміз деп ант беремін», - деді Министрмен сөйлесу барысында шақырылушы Нұрлан Әбікенов. Сапар аясында ҚР Қорғаныс министрі мерзімді қызметтегі сарбаздарды мұқият іріктеу және қазақстандық армияда олардың қатарын ұлғайту жөнінде ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының талаптарын сапалы орындауға қатысты Алматы қ. ҚІЖД жиын пунктінің басшылығына нақты тапсырмалар жүктеді.

Әскери бөлімдерге шақырылушыларды іріктеу және тарату кезінде олардың шақырылуға дейінгі алған мамандықтары ескерілетінін естеріңізге сала кетейік.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"