ҚР Қорғаныс министрі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысымен кездесу өткізді

ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник СәкенЖасұзақовтың ШЫҰ қауіпсіздік кеңесі хатшыларының отырысына қатысу үшін Астана қаласына келген Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысы Рашид Әлімовпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында ШЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік, заманауи қауіп-қатерлерге төтеп беру, сондай-ақ, ШЫҰ мемлекеттері қорғаныс министрлерінің алдағы кеңесіне дайындық мәселелері талқыланды. Тараптардың айтуынша, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы әскери-саяси блок болып табылмайды. Сонымен бірге, қатысушы мемлекеттер лаңкестікпен, экстремизм және сепаратизммен күресуде шоғырландырылған табандылықты және толық көлемде оларға қарсы тұруға әзірлікті паш етеді. Бұл мақсаттарда әр екі жыл сайын «Бейбіт миссия» халықаралық лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуы, таулы-егерьлік бөлімшелердің бірлескен жаттығулары, қауіпсіздік аясындағы конференциялар мен семинарлар өткізіліп тұрады. ҚР Қорғаныс министрі Қазақстан ШЫҰ мемлекеттерімен ғана емес, сонымен бірге, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде ұйымның серіктестері және бақылаушыларымен нәтижелі өзара әрекет ету үшін ашық екенін атап өтті.

 «Достық пен ынтымақтастық рухында серіктестік қарым-қатынастарды дамыту, сондай-ақ, барлық деңгейлерде байланысты тереңдету мемлекетіміз бен халқымыздың алдында тұрған заманауилықтың көптеген мәселелерін шешу үшін негіз болып табылады», - деп Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы атап өтті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"