ҚР Қорғаныс министрі "Сарбаз" газетінің журналистерін мерекемен құттықтады

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштердің басшылығы атынан және жеке өз атымнан редакция ұжымын кәсіби мерекелері «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен» шын жүректен құттықтаймын.

Тарихтың тоғысында тұсауы кесілген газет алғашқы санынан бастап әскери журналистикаға тың серпін берді. Осы жылдар ішінде басылым қызметкерлерінің бірнеше буыны алмасқанымен, газеттің оқырманды әрқашан өзекті де дәйекті ақпаратпен қауыштыру дәстүрі өзгерген жоқ.

Ширек ғасыр ішінде еліміздің бас әскери газеті көтерген проблемаларының тереңіне бойлап, әскери құрылыс пен қоғамдық өмірдегі маңызды мәселелер бойынша ұстанған азаматтық және патриоттық позициясы арқылы өз оқырмандарының жүрегін жаулай алды.

Оқырманды толық әрі әртарапты ақпаратпен қамтамасыз ете отырып газет ұлттық мүддеге деген адалдығын көрсетіп, Қарулы Күштердің дамуына ықпал етті.

Төл әскеріміздің тарихы, әскери қызметшілер мен Қарулы Күштер қызметкерлерінің жауынгерлік және күнделікті ерліктері туралы қалам тарта отырып, сіздер әрдайым әскери қызметтің беделін көтеріп келесіздер. Жауынгерлерді патриотизм рухында және Отанды сүюге тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз құрметке лайық.

Қарулы Күштердің күнделікті қызметі туралы жедел, салмақты әрі нақты ақпараттар, тамаша репортаждар, үздік әскери қызметшілер мен армия тарихы мен ондағы дәстүрлер туралы қызықты очерктер «Сарбаз» газеті редакциясының өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды. 

Алдағы уақытта да Қазақстан Республикасы мен оның Қарулы Күштерінің көркеюі жолында бірге жұмыс істей беретінімізге сенімдімін. Газет ұжымына мықты денсаулық, шығармашылық табыс, рух сергектігін тілеймін. Редакция алдағы уақытта да патриотизм мен Отанға адал қызмет дәстүрін нығайтуға лайықты үлестерін қоса беруіне тілектеспін.   

 

Құрметпен,

   Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрі

   генерал-полковник                 С. Жасұзақов


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"