ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

ҚР Қорғаныс министрі Қазақстанның оңтүстігіндегі бірқатар әскери гарнизондарды тексерді

ҚР Қорғаныс министрі Қазақстанның оңтүстігіндегі бірқатар әскери гарнизондарды тексерді

Әскери ведомство басшысы генерал – полковник Сәкен Жасұзақов Алматы, Гвардейск, Талдықорған, Сарыөзек және Жаркент гарнизондарының құрамалары мен бөлімдеріне жұмыс сапарымен барды.

Әскери ведомство басшысы генерал – полковник Сәкен Жасұзақов Алматы, Гвардейск, Талдықорған, Сарыөзек және Жаркент гарнизондарының құрамалары мен бөлімдеріне жұмыс сапарымен барды. «Гвардейск» оқу-жаттығу полигонындағы жұмыс барысында ҚР Қорғаныс министрі 2017 жылғы Армия халықаралық ойындары, оның ішінде, «Артиллериялық оқ ату шеберлері», «Мерген шебі», «Ұшқышсыз ұшу аппараттары есептоптарының сайысы» және «Әскери-медициналық эстафета» байқауларына қатысуға ҚР Қарулы Күштері командаларының әзірлігін тексерді.

«Үш жыл бойы командаларымыз Армия халықаралық ойындары байқауына қатысуда. Бұл ретте біз ойынды жай сайыс ретінде ғана қарастырмаймыз, оның мәні әскери бауырмалдық рухымен сайысқа түсу рухындағы қорытпада ашыла түседі. Ең ауқымды әскери жарыстардағы сәттілікке қол жеткізудің құны жоғары ғана емес, күрделі әрі құрметке лайықты. Сіздерге адал әрі ымырасыз күрес, дәйекті төрешілік ету мен жеңіс тұғырын тілеймін», - деді генерал-полковник С. Жасұзақов АрХО-2017 сайысына қатысушылармен кездесу барысында. Одан басқа, ведомство басшысы байқаудың өткізілу орындарын, АрХО-2017 сайысына қатысушы командалардың тұрып жатқан жағдайларын, бағдарлардың орналасуын, сондай-ақ кедергілердің еңсерілу тәртібін егжей-тегжейлі тексерді. Сонымен бірге, оңтүстік өңірге жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы 55078, 30131, 54380, 21751, 74261, 40275, 65229, 01098 әскери бөлімдерін тексерді.   

  Олардың техникалық жабдықталуы мен қамтамасыз етілуін мұқият зерделеп, ҚР Қорғаныс министрі инфрақұрылымды әрі қарай дамыту және гарнизондардағы әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"