ҚР Қорғаныс министрі кенеттен оқу-жаттығулардың өткізілу барысын тексерді

2016 жылғы 10 қарашада ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник С. Жасұзақов «Мәтібұлақ» полигонында десанттық-шабуылдау әскерлері мен ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бөлімшелерінің тосыннан оқу-жаттығуларының өткізілу барысын тексерді.

Оқу-жаттығу барысын тексеру кезінде қорғаныс ведомствосының басшысы дағдарыс ауданын оқшаулау жөніндегі тапсырмалардың орындалуының ұйымдастырылу мәселелері бойынша десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысын тыңдап, бөлімшелердің орналасқан бекіністерін, командалық пункті мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету пунктінің жұмысын тексерді, сондай-ақ, шартты дағдарыс ауданында ұшып өтті.

Өтіп жатқан кенеттен оқу-жаттығу шеңберінде «Мәтібұлақ» полигонында  дағдарыс ауданын барлау ұйымдастырылды. Барлау топтары ұшқышсыз ұшу аппараттары айқындаған және жердің ғарыштық кескіндерінен алынған деректер негізінде нысандарды барлауды жүргізді.

 Арнайы мақсаттағы бөлімшелер заңсыз қарулы құралымдардың шартты топтарын анықтады. Қолбасшылықпен дағдарыс ауданын оқшаулау жөнінде шешім қабылданды. Десанттық-шабуылдау бөлімшелері жауынгерлік техникада шоғырлану аудандарынан көрсетілген бағдарлар арқылы жылжыды және түсірілген тактикалық әуе десантымен бірлесе жергілікті жерді оқшаулады.

Ол жерден болжалды қарсылас табылды. Қорғаныс ведомствосының басшысы қондыру тәсілі арқылы дағдарыс ауданының аса маңызды шептері мен жердің учаскелерінде тактикалық әуе десантының түсірілуін бақылады. Қозғалыстың негізгі бағыттарында блок-бекеттер өрістетіліп, коменданттық қызмет ұйымдастырылды. Келіп-кетіп жатқан автомобильдер мен азаматтарды жіті тексеру жүргізілуде. Дағдарыс ауданына іргелес орналасқан елді мекендерде диверсияға қарсы қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша іс-шаралар күшейтілді.

Оқу-жаттығу шеңберінде ҚР Қорғаныс министрі арнайы әскери іс-қимылдарды жүргізу амалдары мен тәсілдерін және басқару пункттерінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін жетілдіру жөнінде нұсқаулар берді. Одан басқа, қорғаныс ведомствосының басшысы Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-жаттығу орталығына барып, далалық жағдайдағы  курсанттардың дайындық барысын тексерді. Қорғаныс министрі курсанттарды даярлау жүйесін жетілдіру жөнінде институт басшылығына нұсқаулар берді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"