ҚР Қорғаныс министрі Жапония Парламенттік Қорғаныс вице-министрімен кездесу өткізді

Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Жапония Парламенттік Қорғаныс вице-министрі Такаюки Кобаяшимен кездесті.

Тараптар екіжақты әскери ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ әлемдегі және аймақтағы қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бойынша пікір алмасты. «Қазақстан мен Жапонияны бұрыннан келе жатқан әріптестік қарым-қатынастар байланыстырады. Жоғары деңгейдегі тиімді сапарлар біздің мемлекеттер арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың оң жолмен дамып келе жатқанын растайды.
Сонымен қатар, әлемдегі және аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберіндегі Астананың халықаралық аренадағы бастамаларына Жапонияның ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өту керек», - деді генерал-полковник Сәкен Жасұзақов. Сапар шеңберінде әскери делегация ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде болып, оқу орнының оқу-материалдық базасымен танысты.
Екі мемлекеттің әскери-ғылыми саладағы ынтымақтастығы әскери мамандардың дайындық деңгейін арттыру мен білім берудің қазіргі заманғы әдістерімен тәжірибе алмасуда керемет мүмкіндік беретінін атап өткен абзал. Әскери делегация үшін ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"