ҚР Қорғаныс министрі Аягөз және Үшарал гарнизондарын тексерді

Аягөз гарнизонының «Майлино» оқу-жаттығу полигонында әскери ведомство басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Құрлық әскерлерінің басшылық құрамымен жедел-әдістемелік жиынның өткізілу барысын тексерді.

ҚР Қорғаныс министрі 2017 жылы ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің дайындығын жетілдірудің негізгі бағыттары бойынша жиынды ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөнінде ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын тыңдады. Жиын барысында қалада жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу үшін шабуылдау бөлімшелері оқу атыстарының жаңа жаттығуларын, оның ішінде, пайда болатын және қозғалмалы нысаналар бойынша әртүрлі қалыптан автоматтан оқ ату және жылдамдық пен дәлдікке тапаншадан оқ ату сынамадан өткізілді.

Қорғаныс министрі батальондық тактикалық топтың базалық ауданын күзету, ауданды мина-жарылғыш қоршаулармен тасалау тәртібі, минасыздандыру бойынша бөлімшелердің жұмысын, байланыстың ұйымдастырылуы мен жаңа тасымалданатын радиостанцияларды қолдана отырып, деректерді таратудың қамтамасыз етілуін, орналасу ауданын табельді және қоласты құралдармен бүркемеленуін, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің ұйымдастырылуы мен жөндеу кәсіпорындарында дайындалған танкіге қарсы құралдардан броньды техниканы қорғауды күшейту нұсқаларын тексерді.

Одан басқа, әскери ведомство басшысына заңсыз қарулы құралымдарды оқшаулау мен жою, ұшқышсыз ұшу аппараттарының есептоптарын қолдана отырып, «Арлан» броньдалған дөңгелекті машиналарда армиялық авиация мен барлау-шабуылдау тобын қолдау кезінде елді мекенді босату бойынша арнайы әскери іс-қимылдарды жүргізу кезінде батальондық тактикалық топтың практикалық іс-қимылдары көрсетілді.

Жұмыс қорытындысы бойынша ҚР Қорғаныс министрі жауынгерлік даярлықты жетілдіру, заманауи қарулы жанжалдарда жауынгерлік іс-қимылдардың сипаты мен әдістерінің өзгеруін ескере отырып, алдағы оқу кезеңіне қару-жарақ пен әскери техниканың сақталуы мәселелері бойынша ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің қолбасшылығына бірқатар нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ жұмыс сапары шеңберінде ҚР Қорғаныс министрі Үшарал гарнизонының әскери бөлімдерін тексеріп қайтты.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"