ҚР Қорғаныс министрі "Армия халықаралық ойындары-2016" жеңімпаздарын марапаттады

Бүгін, Астанадағы ҚР ҚК Әскери-патриоттық орталығында ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Ресей мен Қазақстанда өткен Армия халықаралық ойындары-2016 байқауларының жеңімпаз әскери қызметшілерін құттықтады.

«Мен Ресей Федерациясымен қатар биылғы жылы елімізде алғаш рет өткен Армия халықаралық ойындарына қатысқандардың барлығын құттықтайтыныма қуаныштымын. Біз жалпы командалық екінші орынды еншіледік. Мұның өзі жетістік. Өйткені, армиямыздың тарихындағы ең ауқымды әскери бәсекенің куәгері болдық. Мұндағы сәттіліктің құны жай ғана жоғары емес, шынайы күрделі әрі құрметті болды.
 
Жер жаһанның 19 елінен келген 120 команда, мыңдаған мықты әскери кәсіпқой, жүздеген бірлік әскери техника мен авиация екі апта бойы өз ісінде үздіктер атағына бақ сынасты. Сондықтан бұл нәтижеге жетуіміз ортақ күш-жігеріміз бен әрбір команда мүшесінің жемісі», - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

Армия халықаралық ойындары-2016 байрақты бәсекесіне қатысқан 20 сардарға қол жеткізген жетістіктері үшін кезекті әскери атақтары мерзімінен бұрын берілді. Олардың арасында «1-дәрежелі капитан» әскери атағы Әлібек Ахетовке, «подполковник» шені Руслан Алғуатовқа, Ербол Әубәкіровке, Дәурен Еспердиновке, «майор» атағы Талап Бірбалановқа, Аманжол Рахметовке, Рустам Кәрімовке, Әділбек Ысқақовқа, Руслан Мақадиевке берілді. Байқаудағы жоғары жетістіктері үшін әскери қызметшілерге бағалы сыйлықтар табыс етілді. «Мерген шебі» байқауының жеңімпазы кіші сержант Нұрсұлтан Бақтыоразға автокөлік, «Артиллериялық оқ ату шеберлері» байқауының жүлдегері сержант Ғабит Дәулетовке автокөлік, есептоп мүшелеріне теледидар, «Танк биатлонының» үздік экипажы 10810 ә/б танкті ротасының командирі аға лейтенант Асылбек Мүсірманқұловқа автокөлік, экипаж мүшелеріне теледидар. «Елбасымыз – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Абырой, даңқ, қажырлық, жеңіс және армияда мақтан етуге дағдыланып қалғанымыздың барлығы қарапайым сарбаздың үлкен жауапкершілігінің жемісі ғана». Менің пайымдауымша, бұл жауынгерлік сайысқа қатысушылардың әрқайсысының күш-жігерінен болған ой-пікірден ғана қисынды емес. Бұл жалпы командалық рухымыздың көрсеткішіне айналды», - деп қорғаныс ведомствосының басшысы атап өтті.
Наградалар және құнды сыйлықтармен қатар жүлделі орындарға ие болған ойынға қатысқандардың баршасы 10 күндік демалыс және ақшалай сыйақымен көтермеленді. Ойынға қатысушылардың бірқатары, сондай-ақ, шығармашылық топтың жетекшілері «Халықаралық әскери ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» медалімен марапатталды. Барлық сайыстар тікелей эфирде көрсетілгенін айта кетейік.

Жалпы алғанда, Канада, Ұлыбритания, Жапония мен АҚШ сияқты елдердегі көрермендер де қамтылып, аталмыш бәсекені 450 мыңнан аса адам тамашалады. Бұл дегеніміз – ойынның жоғары деңгейде өткенінің дәлелі. Келесі жылы Қазақстан өз жерінде Армия халықаралық ойындарын жаңартылған бағдарлама түрінде өткізеді. Әскери полигондарымыздың аумағында алғаш рет 5 байқау өткізіледі. Оның үшеуі пішімі мен қатысушылары бойынша тың жаңа. Армия халықаралық ойындарының бағдарламасына алғаш рет броньдалған автомашиналардағы ралли, ҰҰА байқауы, сондай-ақ, әйел әскери қызметшілерге арналған көпсайыс арнайы байқауы қосылады, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"