ҚР ҚМ Кадет корпусы оқуға түсу үшін іріктеу жариялайды

ҚР ҚМ Кадет корпусы оқуға түсу үшін іріктеу жариялайды

ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы кәсіби сержанттар корпусының қатарына кандидаттарды іріктеуді жариялауда. Биылғы жылы оқу орны мотоатқыш әскерлері мамандығы бойынша оқыту үшін кадеттерді қабылдауға дайын.

Кадет корпусына оқуға түсуге ниет білдіргендер тұрғылықыт жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарында медициналық куәландырудан өтеді. Әрі қарайғы кезеңдерді тікелей Кадет корпусында өтеді. Атап айтқанда, ол түбегейлі медициналық куәландыру және кәсіби психологиялық іріктеу, дене дайындығын тексеру, конкурстық іріктеу. Қабылдаудың әр кезеңінен өтуге бір-ақ рет рұқсат беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген үміткер келесі кезеңге жіберілмейді. Іріктеудің барлық кезеңдері ағымдағы жылғы тамыздың 1-і мен 20-ы аралығында өткізіледі. Қабылдау кезеңінде оқуға түсушілер корпустың аумағында орналастырылады және тамақпен қамтамасыз етіледі. Кадет корпусына 17 жастан кіші емес және 25-тен аспаған азаматтар қабылданады. Аттестаттың орташа ұпайы 3.5 кем емес немес GPA 2-ден кем емес болуы тиіс. ҰБТ сертификаты және кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері қажет етілмейді. Оқытудың жалпы мерзімі 1 жыл 10 айды құрайды. Кадет корпусын аяқтаған соң кадеттермен оның ішінде, шетел әскери оқу орындарында біліктілікті міндетті түрде арттыра отырып, келешекте әрі қарай мансаптық өсумен 10 күнтізбелік жыл мерзіміне Қарулы Күштердің сержанттар құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасалады. Кепілді әлеуметтік пакет, оның ішінде, бөлімше командирінен Қарулы Күштердің Бас сержантына дейін мансаптық өсу мүмкіндігі, қызметтік баспанамен қамтамасыз етілу немесе тұрғын үй төлемдері, тегін медициналық қызметті, оның ішінде, отбасы мүшелеріне алу, балаларды мектепке дейінгі мекемелерде кезектен тыс орындармен қамтамасыз ету және т.б. қарастырылған. Кадет корпусының түлектеріне техникалық кәсіби білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом, «В», «С» санатындағы жүргізуші куәлігі беріледі және 3-сыныпты «ЖӘЖМ механик-жүргізушісі» біліктілігі беріледі. Толыққанды ақпарат алу үшін қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жүгіну немесе 8(71636) 4-15-20 телефонына қоңырау шалу қажет.



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства