ҚР ҚМ Бас әскери клиникалық госпиталінде «Үздік маман – мейірбике» байқауы өтті

Астанада Халықаралық медбике күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас әскери клиникалық госпиталінің «Үздік маманы – мейірбике» атағына байқау өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты медициналық персоналдың кәсіби шеберлігі мен дайындық деңгейін арттыру. Іс-шараға госпитальдің әртүрлі бөлімшелерінің өкілдері қатысты. Оларға келесі төрт кезеңде бақ сынасуға тура келді.

Визит кәртішкесі, блиц-турнир, үй тапсырмасы, терминалды, шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша практикалық машықтың деңгейін бағалау және ахуалдық тапсырмаларды шешу шеберлігі. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды травматологиялық бөлімшесінің аға маманы (мейірбике) ефрейтор Диана Тоқтарова, екінші орынды оториноларингологиялық бөлімшесінің аға маманы (мейірбике) ефрейтор Мақпал Ыбыраева жеңіп алды. Үшінші орын қабылдау бөлімшесінің аға маманы (мейірбике) кіші сержант Ардақ Күртібаеваға бұйырды.

«Әскери медициналық қызметкер – күрделі кәсіп болып келеді. Бұл саланың маманы атануы үшін ең алдымен, шыдамдылық, әскери тәртіп және білім болу қажет. Менің жұмысым көмек пен күтімге мұқтаж адамдарға көмектесу болып келеді. Біздің жұмысымыз қызықты. Бірдей ота және бірдей адамдар болмайтыны хақ. Әр күні небір тың дүниелер мен технологиялар, операциялар», - деді іс-шара аяқталған соң байқау жеңімпазы Диана Тоқтарова.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"