ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің артиллериялық бөлімшелерінде жауынгерлік атыс басталды

Қазақстан Құрлық әскерлерінің артиллериялық бөлімшелерінде 2017 жылға арналған жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес жауынгерлік атыстар басталды.

Практикалық сабақтар «Астана», «Оңтүстік», «Шығыс» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының оқу-жаттығу полигондарында өтуде. Әскери қызметшілердің жалпы әскери ұрыстың кез-келген жағдайында оқ ату міндеттерін орындауы оқу-жаттығудың негізгі мақсаты.

Атыс бағындыруға тиісті нысанаға қарай жарықшақ-қопарғышты, кумулятивті, сауыт бұзар, калиберден кіші және практикалық снарядтар болып өткізіледі. Атыс кезінде әр есептоп былайша бағаланады: «өте жақсы» - екі нысанаға да дәл тиген кезде, сонымен қатар кемінде екі мәрте олардың әрқайсысына дәл тигенде; «жақсы» - екі нысанаға да тиген кезде, соның ішінде бір мәрте екеуіне дәл тигенде; «қанағаттанарлық» - екі нысанаға тиген кезде. «Өңірлік қолбасшылықтарда аталған міндеттерді орындау нәтижелері бойынша үздік есептоптарды іріктеу жүргізіледі.

Алдағы уақытта үздік есептоптар әрі қарай «Артиллериядан оқ ату шебері» конкурсының іріктеу кезеңінде Құрлық әскерлерінде өтетін жарыстарда өз өңірлік қолбасшылықтарының атынан сайыстарға қатысатын болады», - деп Ракета және артиллерия әскерлері бас қолбасшылығының офицері подполковник Ақан Құсайынов атап өтті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"