ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері Армия ойындары байқауының соңғы кезеңдерінен өтті

ҚР Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінде іріктеу сайысы аяқталды. Онда Ресей Федерациясы мен Қазақстанның аумағында өткізілетін 2016 жылғы Армия халықаралық ойындарына қатысу үшін үздік командалар анықталды.

2016 жылғы ақпанның 1-і мен наурыздың 25-і аралығында ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу полигондарының аумақтарында Армия ойындарында байқауларды өткізуге тас жолдарды, нысандар мен кедергілерді дайындау өткізілген болатын. Бірінші кезең ішкі іріктеу болды. Оған 300 бірлік әскери техника тартылды және 6000-ға жуық әскери қызметші қатысты. Екінші кезең өңірлік қолбасшылықтар арасында өткізілді. Іріктеу сайысы барысында 2100 әскери қызметші және 200-ге тарта бірлік әскери техника қатысты. Үшінші кезең Құрлық әскерлері шеңберінде аяқталды. Оған шамамен 120 бірлік әскери техника тартылды және 1000-ға жуық әскери қызметші қатысты. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің барлық бөлімшелері жарысты 16 байқау бойынша аяқтады. Бұл «Танк биатлоны», «Мерген шебі», «Десанттық взвод», «Артиллериялық атыс шеберлері», «Әскери-медициналық эстафета» және тағы басқа байқаулар. Әрбір байқау бірнеше кезең бойынша өтті. Онда барлық қатысушылар әртүрлі кедергілерді еңсерді, қойылған тапсырмаларды орындады және өздерінің жауынгерлік даярлықтарын паш етті. Барлық өткізілген байқауларда қатысушы жеңімпаздар анықталды. Осы аптада сайыстың халықаралық кезеңіне дайындық басталады. Ал үздік әскери қызметшілер тартысты Ресей Федерациясында жалғастырады. Ондағы дүбірлі додада қарсыластары отандастары емес, шетел армиясының әскерилері болмақ.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"