ҚР ҚК парашютшілерінің жиыны өтті

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Парашюттік дайындық орталығының базасында «Первомайский» әуеайлағында арнайы парашюттік дайындық бойынша қазақстандық ӘӘК парашюттік-құтқару қызметі жеке құрамының жиыны өткізіледі.

Жиынға 53975 әскери бөлімі, Аэроұтқыр әскерлері және арнайы бөлімшелердің іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызметтің әскери қызметшілері тартылды. Парашютшілердің жиындары арнайы даярлық, сондай-ақ дағды мен олардың біліктілігін арттыру жөнінде парашютші нұсқаушыларды даярлау бойынша өткізілді. Парашюттік жиын барысында 3 мың метрге дейін биіктіктен ашық парашютпен кідірте отырып, секірулер және түнде дайындалмаған алаңға және жүк контейнерімен секірулер орындалды. «Жиын бағдарламасы жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес толық орындалады. Жиын парашюттік оқиғаларға алғышарттарсыз және жарақатсыз жақсы ұйымдасқан деңгейде өтуде», - деп ҚР ҚК ӘҚК Парашюттік даярлық орталығының бастығы  подполковник Леонид Дудкин атап өтуде. Жиын 2016 жылғы сәуірдің 26-ы мен 29-ы аралығында Парашюттік дайындық орталығының базасында өтетінін естеріңізге сала кетейік. Орталықтың жеке құрамы қазіргі уақытта барлық Орта-Азиялық өңірді ірі сайыстарда намысын қорғай отырып, сый-құрметке ие және халықаралық аренада танылған.  20 жылдың ішінде команда спортшылары халықаралық додаларда 350 медаль иеленген. Оның 83-і алтын медаль. Команда бірнеше мәрте парашюттік спорттың әр түрінде Азия және Океания чемпионы атанды. Бапкерлік ұжыммен халықаралық дәрежедегі 18 спорт шебері дайындалды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"