ҚР ҚК-нің сержанттары біліктілікті арттыру курсынан өтуде

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде ағымдағы жылға сержанттар құрамының біліктілігін арттырудың жоспарлы курсы өтуде.

Курстық дайындықта оқу барысында батальон сержанттары атқарып отырған және бір сатыға жоғары лауазым көлемінде функционалдық міндеттерін сенімді орындауы үшін өздерінің кәсіби даярлығы мен практикалық дағдысын арттыратынын айта кету қажет. 2017 жылы батальон сержанттары курсында барлығы 50 адамды оқыту жоспарланып отыр. Оның тең жартысы ағымдағы жылғы ақпан-наурыз айларында оқытудан өтті.

Одан басқа, қазіргі уақытта Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында бригада сержанттарының біліктілігін арттыру курсы өтуде.

Бригада сержантының курсы сержанттар құрамының біліктілігін жоғарлатудың  көп деңгейлі жүйесінде пирамиданың жоғарғы ұшы болып табылады. Аталмыш курста 18 сержант білім алуда. Олармен 25 пән бойынша сабақтар өткізіледі. Курстан өту сержанттарға әскери-кәсіптік пәндер бойынша әскери білімдерін кеңейтіп, құрамалар мен бөлімдерді, әскери басқару органдарының жұмысын жауынгерлік қолдану, сондай-ақ бөлімдердің күнделікті тыныс-тіршілігін басқару негіздерін зерделеуге мүмкіндік береді.

Курс қорытындысы бойынша сержанттардың дайындық деңгейі бағаланып, үлгерім бойынша рейтинг шығарылады. Бағдарламаны меңгеру дәрежесі көрсетіле отырып, курстан өткендігі туралы сертификаттар беріледі. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"