ҚР ҚК-нің қыз-келіншек әскери қызметшілері баршаны Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Отан қорғаушы күнін мерекелеуге орай Орталық әскери оркестрдің солистері мен қыз-келіншек әскери қызметшілер Астанада бірегей акция өткізді.  Бұл күні олар елорданың орталық көшелерінде мерекелік кортежбен жүріп өтіп, қала тұрғындарын мейраммен құттықтады.

«Қазақстандық армияның барша қыз-келіншек әскери қызметшілерінің атынан бізге барша азаматтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтау мүмкіндігі туып отырғанына өте қуаныштымыз. Бұл күн ата-бабаларымыздың ерен ерліктері мен Отанға қалтқысыз қызмет етудің дәстүр сабақтастығының тарихын бейнелейді. Біз, қыз-келіншек әскери қызметшілер ерлермен қатар жауынгерлік даярлық бағдарламасын меңгеріп,  барлық жүктелген тапсырмаларды орындап жүргенімізді нық сеніммен айта аламын.  Баршаларыңызды мерекелеріңізбен құттықтап, зор денсаулық, бейбіт өмір, тыныштық және бейбітшілік тілегім келеді», - деді ҚР ҚМ әскери қызметшісі кіші сержант Қарлығаш Ақылбекова. Әскери автомобильдерге жайғасып, әскери қызметшілер елорданың әртүрлі алаңдарында болып қайтты. Аялдамаларда қыздар өтіп бара жатқан адамдарға естелік кәдесыйлар таратып, одан кейін ансамбльдің әскери қызметшілері акробаттық трюктармен нағыз шоу ұйымдастырды.  Әскери үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен черлидинг элементтері бар би қимылдары елорда тұрғындарының таңданысын туғызып, біршама көрермендердің басын қосты. Акробаттық трюктардың көмегімен қыздардың «7» санын құруы іс-шараның шарықтау шегі болды.  Аталмыш акция елорданың тұрғындары мен қонақтарына керемет тосынсый болды. Қала тұрғындары «дөңгелектегі» мұндай теңдессіз концерттің куәгері болғандарына қуанып, акцияны оң  әсермен қабылдады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"