ҚР ҚК-нің әскерлері бақылау тексерісі барысында жоғары нәтижелер көрсетуде

Қазақстанның Қарулы Күштерінде қысқы оқыту кезеңінің қорытындысы бойынша әскерлердің бақылау тексерісі жалғасуда. Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың тапсырмасы бойынша барлық өңірлерде кешені комиссия жұмыс жасауда. Жалпы басшылық ету мен бақылау жасау Қорғаныс министрінің орынбасарларымен жүзеге асырылады.

Оңтүстік бағыттағы бақылау тексерісі Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің, шығыс өңірінде Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Оқас Сапаровтың жалпы жетекшілік етуі және бақылау жасауымен өтуде. Оңтүстік-шығыс бағытта тексеру барысын жетекшілік ету мен бақылауды Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров, орталық бағытта ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов, батыс аймақта Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Жанжүменов жүзеге асыруда. Бақылау тексерісі шеңберінде әскери бөлімдер жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді.

 Жеке құрам роталық лектерді шоғырландыру және қалыптастыру мәселерін пысықтады. Жауынгерлік оқ атулар орындалды. Оқ ату даярлығының нормативтерін орындау тиісті оқу-жаттығу орталықтары мен «Астана», «Шығыс», «Оңтүстік» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының полигондарында жүзеге асырылады.

Әскери қызметшілер атыс қаруынан, жаяу әскердің ұрыс машиналары қару-жарағы мпен танктерден оқ атуларды орындайды. Тексеру күндізгі уақытта ғана емес, сонымен бірге, түнгі уақытта да өтуде. Түнгі мезгілде іс жүзінде көрсетілген ауданға жылжу, батальон (рота) командалық-бақылау пунктін өрістету, шешім қабылдау, жауынгерлік тапсырмаларды беру, кіріспе бойынша қойылған тапсырмаларды орындау барысында бөлімшелерді басқару және жауынгерлік оқ атуларды өткізу пысықталады. Жалпы алғанда, бақылау тексерісі барысында әскери қызметшілер атыс, тактикалық, арнайы даярлық, ұрыс машиналарын жүргізу, әскери топография, инженерлік, дене және саптық даярлық бойынша нормативтерді тапсырады. Сондай-ақ, комиссиямен қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйі, бағынысты құрамаларда жауынгерлік даярлықты басшылыққа алу жөнінде лауазымды адамдардың жұмысын ұйымдастыру жүйесі, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі тексерілуде. Жалпы, алдын ала қорытынды бойынша әскери қызметшілер бақылау сабақтарда жоғары нәтижелер паш етуде.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"