Әскери қызметшілер қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Жамбыл облысында орын алған дауылдан кейін азаматтық тұрғындарға қалпына келтіру жұмыстарына көмек көрсетті.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 1 000-нан аса жеке құрамы қалпына келтіру жұмыстарына, жолдарды, аула аумақтарын тазартуға тартылды. Салдарды жоюға 30-дан аса әскери техника пайдаланылды.  

Жамбыл облысындағы дауыл нәтижесінде қатты жел ағаштарды құлатып, ғимараттардың шатырын жұлып әкетті және бірнеше ондаған елді мекенді жарықсыз қалдырып, электр құрылғылары желісін үзіп тастағанын естеріңізге сала кетейік. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Көгілдір отын, жылу мен судың берілуі қалыпқа келтірілді. Тараз қаласы бойынша төтенше жағдай режімі жарияланды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"