ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері Астана көшелерінде ән айтып, маршпен жүріп өтті

Астанада Отан қорғаушы күніне орай ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері елорданың тұрғындары мен қонақтарына ерекше сый тарту етті. Олар орталық көшелерде ән айтып, саптық маршпен жүріп өтті.

«Бүгін бізге үлкен қүрмет көрсетіліп отыр. Отан қорғаушы күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында 300 адам екі бағыт бойынша жаяу маршпен жүріп өтті. Біз халықтың өз қорғаушыларын білсін, танысын, армиясының қуаттылығын көріп, ұғынсын деген ниетпен марш жасадық», - деді 1-қорап командирі аға лейтенант Асан Бекенов. 68665 әскери бөлімінің десантшы әскери қызметшілері екі қорапта «Бәйтерек» монументінен және Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионнан екі бағыт бойынша бір уақытта марш бастады. Жаяу жүріс маршы кезінде әскери қызметшілер қазақстандықтардың бала кезінен жақсы білетін әскери әндерді хормен айтты.  «Мен Астанаға іс-шараларда болып, армиямыздың қуаттылығын көру үшін арнайы мереке күндері келдім. Біз немерелерімізбен бірге қыдырып, әдемі лекпен жүріп және ән шырқап жатқан әскерилерді көрдік. Жүрегімізді мақтаныш және қуаныш сезімі кернеді, немеремнің өзі қолымнан жұлқып сол жерге алып барды. Мен барлық Отан қорғаушыларды шын жүректен мерекелерімен құттықтаймын. Сендерге мықты денсаулық, тыныш жұмыс және барлық қарапайым қазақстандықтардың атынан алғыс білдіремін», - деп Астана қаласының мейманы Галина Дузгумбаева өз ойымен бөлісті.  Естеріңізге сала кетейік, 7 мамыр күні Астанада Отан қорғаушы күніне орай бірқатар іс-шара жоспарланған. Олардың ішінде әскери қызметшілердің жаппай жеңіл атлетикалық жүгіруі, ҚР ҚК әскери бөлімдері мен мекемелері арасында «Әскер барысы» атағына бүкілармиялық турнир, әскери-тарихи мұражайға экскурсия жасау, ол жерде ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері сарбаз ботқасын дайындау үшін палаткалы қалашық пен далалық ас үйлер өрістетеді, қару-жарақ, әскери техника және мұражай жәдігерлерінің көрмесі өтеді.   Сондай-ақ ҚР ҚК-нің қыз-келіншек әскери қызметшілері мен Орталық әскери оркестрдің солистері Астананың орталық көшелерінде әскери машиналарда кортежбен жүріп өтіп, елорда тұрғындары мен қонақтарын мерекелерімен құттықтайды.  Концерттік нөмірлер көрсетіп, естелік кәдесыйлар табыс етеді. Десантшы әскери қызметшілер «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығында дефиле және көрсетпелі көрсетілім ұсынады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"