ҚР ҚК-нің әскери химиктері Армия ойындары – 2016 сайысына дайындалуда

«Шығыс» полигонында Халықаралық армия ойындары шеңберінде «Қауіпсіз орта – 2016» байқауына дайындалу жоспарына сәйкес 35804 әскери бөлімі жеке құрамының атыс даярлығы өтті.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының «Шығыс» полигонында әскери қызметшілер 100 метр қашықтықта орнатылған №8 нысана шеңбері бар кеуде фигурасына дөп тигізуі тиіс еді. Осы жаттығуды орындау кезінде Халықаралық армия ойындары шеңберінде «Қауіпсіз орта – 2016» байқауына тартылатын әскери қызметшілер үздік нәтижелер көрсетті. Ең көп ұпай жинаған сержант Ринат Седых пен Айбек Қожабаев болды. «Аталмыш сабақтарды қорытындылай отырып, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы ауқымында «Қауіпсіз орта – 2016» байқауының іріктеу кезеңін өткізу қарсаңында әскери қызметшілер үшін бұл атыс даярлығы бойынша қорытынды сабақ болғанын айта кеткіміз келеді», - деп бөлім әскери қызметшілері атап өтті. Атыс даярлығы Армия халықаралық ойындары шеңберінде өтетін радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері арасында «Қауіпсіз орта» байқауы кезеңдерінің бірі болып табылатынын айта кетейік. ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері бұл байқауға алғаш рет қатысқалы отыр.  Байқауға дайындалу аясында химик әскери қызметшілер барлау-химиялық машиналарда жеке жарысуды, химиялық зақымдау қуат көзін іздеуді, арнайы өңдеуді жүргізу мен атыс-шабуылдау жолағындағы шешуші кезеңді, сондай-ақ эстафета мен атыс даярлығын пысықтайтын болады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"