ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Отан қорғаушылар күніне арналған концертке қатысты

Отан қорғаушы күнінің мәні мен маңыздылығы тереңде жатыр. Бұл мейрам Отан қорғаушыларымыздың патриотизмдік, батылдық, жаужүректілік пен ерлік рухын бейнелейді.

Осынау маңызды мерекеге орай Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында негізгі мәдени іс-шаралардың бірі Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік концерт өтті. Аталмыш концертке Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. «Ежелден бері Отан қорғаушылар абырой мен қайсарлық, батылдық пен ерлік, патриотизм мен өз халқына ұдайы қалтқысыз қызмет еткен. Қазақстандықтар еркіндік пен тәуелсіздік үшін өздерінің өмірін сарп еткен батырлардың ерліктерін мәңгі есте сақтайды. Аталарымыз бен әкелеріміздің қажырлы марапаттары – бұл қазақстандық отбасылар үшін баға жетпес жәдігер. Отан қорғаушы күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мерекелік күнтізбемізде бірінен кейін бірі қатар тұрғаны жайдан-жай емес. Бұл халқымыздың барлық ұрпақтарының даңқты әскери дәстүрінің сабақтастығын білдіреді», - деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. «Қорғаныс шығыстары тіпті, қиындыққа да қарамастан,  басымдық тәртіпте қаржыландырылады. Қайта жарақтандырудың бағдарламасына сәйкес жауынгерлік кезекшілікке әскери техниканың жаңа түрлері келіп түсуде. Жақын арада қару мен техниканың барлық түрлерінің 70 пайызы, ал жеке санаттар бойынша 100 пайызға дейін жаңартылатын болады. Жыл сайын ықтимал заманауи соғыстың жағдайына барынша жақындатылған жүзден аса жедел тексерулер мен әскери оқу-жаттығулар өткізіледі», - деді Мемлекет басшысы. Салтанатты концерттің негізгі идеялық желісі – ол Отан үшін құрбан болғандарды еске алу, ардагерлерге құрмет көрсету, Отанды қорғау парызының киелілігі, бейбітшілік пен келісімді сақтау маңыздылығы, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін қорғау болып табылады. Қарулы Күштердің қуаттылығын көрсету барлық уақытта халықтың өз еліне деген мақтаныш сезімін ұялатып, армиямыздың Отанды қорғау қабілеттілігіне деген сенімін күшейтеді. Осыған байланысты, әскери қызметшілердің жеке концерттік нөмірлерге қатысуы ерекше болып отыр. Концерттік бағдарламада ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери ансамблі мен эстрадалық-симфониялық оркестрі солистерінің, сондай-ақ еліміздің танымал әртістерінің орындауында патриоттық әндер мен Отан, оның батырлары мен жауынгерлері туралы отандық сазгерлердің музыкалық шығармалары орындалды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"