ҚР ҚК Десантты-шабуылдаушы әскерлерінде жылдық қорытынды жұмыстары аяқталды

«Мәңгілік Ел тұғыры» - қуатты армия» ұранымен бастау алған 2016 оқу жылы аяқталып 2017 жаңа оқу жылына да аяқ басатын уақыт келіп қалды. Жыл аяқталар тұста әрбір әскери құрылым өзінің жыл бойы атқарған іс-шаралары жөнінде есеп беріп, қорытынды жасайтыны мәлім.

Соған байланысты генерал-майор Алмаз Джумакеев мырзаның басқаруындағы ҚР ҚК Десантты-шабуылдаушы әскерлерінде де жылдық қорытынды жұмыстары өз мәресіне жетті. 29 қараша күні Алматы қаласында орналасқан ҚР ҚК Десантты-шабуылдаушы әскерлері қолбасшысының Басқармасында 2016 жылы жалпы атқарылған іс-шараларды қорытындылау, жаңа 2017 жылғы оқу жылының басшылық құжаттарымен жете танысу және 2017 жылы әскерлердің ұрысқа әзірлігі мен   Десантты-шабуылдаушы әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінің командирлерінің қызметтік жұмыстарындағы әдістемелік тұтастықты жетілдіру тақырыптарында кең көлемді қорытындылау жұмыстары болып өтті.

2016 оқу жылында ҚР ҚК Десантты-шабуылдаушы әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдеріндегі қызметтік-әскери іс-шаралар Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының, Қорғаныс министрінің және Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының қойған талаптарын мүлтіксіз орындауға бағытталып, тұрақты ұрысқа әзір бөлімдердің ұрысқа қабылеттілігі пысықталып, Десантты-шабуылдаушы әскерлерінің құрамына берілген әскери бөлімдерді белгіленген талаптарға сай қабылдап алу жұмыстары жүргізілді.

2016 жылғы жауынгерлік жарыстардың қорытындысы бойынша әскерлер қызметі мен жауынгерлік дайындық бағдарламасы толық көлемде орындалды. Осы оқу жылында орын алған құқықбұзушылықтар жауынгерлік-әскери тапсырмаларды орындауға кедергі келтіруге және жауынгерлік дайындықты, ұрысқа әзірлікті төмендетуге әкеліп соқтырмады. Десантты-шабуылдаушы әскерлеріне қарасты десантты-шабуылдаушы бригадалар мен полктердің, жеке батальондардың әскери ұжымдарында көңіл толарлықтай рухани - психологиялық жағдай қалыптасқан.

2016 жылғы қорытынды бойынша ҚР ҚК Десантты-шабуылдаушы әскерлерінің бригадалары мен полктері,  жеке батальондары арасында «Жауынгерлік дайындық және әскери тәртіпті нығайтып, қызметтік-әскери іс-шараларда жоғары жетістіктерге қол жеткізгендігі үшін» жеңіске жеткен әскери бөлімдер төмендегідей:

Бригадалар арасында:

 1-ші орын подполковник Ш.Жазықбаевтың басқаруындағы 61993 әскери бөлімі.

Полктер арасында:

1-ші орын подполковник Т.Құсайыновтың басқаруындағы 48386 әскери бөлімі.

Жеке батальондар арасында:

1-ші орын подполковник Ш.Жарылқасыновтың басқаруындағы 62064 әскери бөлімі.

ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан 2017 жаңа оқу жылына қойылған 25 тапсырма ҚР ҚК Десантты-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы генерал – майор А.Джумакеев мырза тарапынан нақтыланып, нұсқау жүзінде әскерлерге, құрамалар мен бөлімдерге нақты тапсырмалар қойылды.

Сонымен, 2016 оқу жылын да Десантты-шабуылдаушы әскерлерінің айбынды десантшылары абыроймен аяқтады. Көптеген игілікті шаралар атқарылып, мол жетістіктерге қол жеткізілді. Жауынгерлердің де мерейлері үстем. Алда «Қарулы Күштеріміздің 25 жылдығына – жоғары жауынгерлік дайындық» атты ұранмен бастау алатын 2017 жаңа оқу жылы. Айбынды десантшылар болса  жаңа оқу жылына дайындалу және жауынгерлік тапсырмаларды мүлтіксіз орындау мақсатында өз жұмыстарына кірісіп те кетті.

Ендеше, іске сәт, десант.

 

Лейтенант Ербол Игісінов,

ҚР ҚК Десантты-шабуылдаушы

әскерлерінің баспасөз қызметі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"