ҚР ҚК-де үздік мина іздейтін иттер таңдалды

Астанада 68665 әскери бөлімінің базасында ҚР ҚК Арнайы әскерлер бас басқармасының жетекшілік етуімен инженерлік әскерлердің бөлімдері мен бөлімшелері арасында үздік мина іздейтін иттер байқауы өтті.

Байқауға ҚР Қарулы Күштері инженерлік бөлішелерінің иттерімен бірге сапер-кинологтар қатысты. Байқау барысында сапер-кинологтармен жиын өткізілді. Оның барысында үйретудің жалпы курсы және арнайы курсы (қауіпті жарылғыш заттарды іздестіру және анықтау) бойынша иттерді үйрету бойынша сабақтар өткізілді. ҚР ҚК-де кинологиялық қызметті әрі қарай дамытудың бағыттары белгіленді. Жаттығуларды орындау кезінде байқау қатысушылары қауіпті жарылғыш заттардан жер мен объектілерді минасыздандыру бойынша тапсырмаларды орындау кезінде жоғары оқытылғандық пен іс-әрекеттің үйлесімділігін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша 68665 әскери бөлімінің командасы «Эмба» атты лақап аты бар неміс овчаркасы және 58012 әскери бөлімінің командасы сержант С. Оразаев «Акира» лақап аты бар малинуа бельгиялық овчаркамен үздік жағынан атап өтілді. Байқаудың жабылу рәсімінде әрбір топ басшыға жиыннан өткені туралы куәлік және алғыс хаттар табыс етілді.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"