ҚР ҚК Бас штабы ҰҚШҰ-ның Қорғаныс министрлері кеңесінің жанындағы Әскери комитеттің отырысына қатысты

Ереванда ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы Қорғаныс министрлерінің кеңесі жанындағы Әскери комитеттің жоспарлы 8-ші отырысы өтті. Оған  Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қатысты.

Отырыста ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағындағы әскери қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері кешенді сипатқа ие екендігі атап өтілді. Олар Ұйымның мүше мемлекеттері қызметінің саяси, әскери, экономикалық, ақпараттық және өзге де өмірлік маңызды салаларын қозғайды. Бұл ұжымдық қауіпсіздік өңірлерінде, кіріктірілген үдерістерде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету тетіктерін ұстап тұру және жетілдіру, сондай-ақ бейбітшілікті қолдау жөнінде ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің қызметтік саясатын іске асыру қажеттілігін негіздейді. Одан басқа, Ұйымның әскери құрамдасын дамыту жөнінде әрі қарайғы жұмыстың бағыттары атап өтілді. Бұл ретте отырысқа қатысушылар саяси-дипломатиялық және болдырмаудың өзге де әскери емес құралдарына, өңірлік және жаһандық деңгейлерде ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде әскери қауіп-қатерлерді оқшаулау және бейтараптандыруға басымдық беретінін айтып өтті. Отырыс аясында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың Армения Республикасы ҚК Бас штабының бастығы  генерал-полковник Юрий Хачатуровпен кездесуі өтті. Бұл кездесуде ҰҚШҰ шеңберінде әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Әскери комитеттің отырысы барысында ҰҚШҰ-ның ұжымдық қауіпсіздігі өңірлерінде әскери қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері, 2015 жылы Әскери комитетпен қойылған тапсырмаларды орындау, ҰҚШҰ қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысында қаралуға жоспарланатын құжат жобаларының дайындалуы барысы  туралы мәселелер және Ұйымның әскери құрамдасын жетілдіруге қатысты өзге де мәселелер талқыланды. Армения Республикасындағы сапары шеңберінде Әскери комитеттің мүшелері ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, Армения Республикасының Президенті Серж Саргсянмен, ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері Кеңесінің төрағасы, Армения Республикасының Қорғаныс министрі Сейран Оганянмен кездесті. Сондай-ақ еске алу мемориалына барып, мәңгілік алауға гүлдестелер мен гүл шоқтарын қойды.  Әскери комитеттің отырысына ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Николай Бордюжа, ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров, Әскери комитеттің мүшелері – Қазақстан, Армения, Беларусь, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері Бас штабтарының бастықтары қатысты.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"