ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің құрама командасы Ресейдің Ащулук полигонына келді

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің құрама командасы Армия халықаралық ойындары шеңберінде өтетін «Аспан кілті» зениттік-зымыран әскерлері жауынгерлік есептоптарының
халықаралық конкурсына қатысу үшін Ресейдің Ащулук полигонына келді.

Астрахань облысы , Ащулук полигонындағы шатырлы қалашықта қатысушалардың барлық жағдайы жасалған.

Байқауда Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қытайдың әскерилері бақ сынайды.

 «Аспан кілті» халықаралық сайысы алты байқау кезеңі бойынша өтеді. Атап айтқанда, шынайы авиацияны белгілеумен қарсыластың әуе соққысына тойтарыс беру, іске қосу қондырғысын оқтаумен зымырандардың іске қосылуын елестету, механик-жүргізушілердің жарысы, зениттік зымыран дивизионының маневр жасауы және жауынгерлік іске қосулармен әуе қарсыласының соққысын тойтару.
«Сайыста зымырандарды қайта жүктеу, есептоптың техниканы жауынгерлік әзірліктің әртүрлі дәрежелеріне келтіре алу шеберлігі, жорықтық, жауынгерлік сияқты сынақтар болады. Біз зымырандармен мерзімді тактикалық оқу-жаттығулар өткізіп тұрамыз. Сондықтан біздің есептоптар жарысқа сақадай сай. Біздің команда жоғары дайындықтан өтті. Жоғары нәтиже көрсетеміз деген үміттемін» дейді ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының жауынгерлік әзірлік бойынша орынбасары , полковник В. Найденов.
Қатысушылар Ресей тарапы ұсынатын С-300 ПС қондырғыларында сайысады.

Елімізде жарысқа қатысатын үздік команданы жасақтау үшін бірнеше кезеңдерден тұратын іріктеу ұйымдастырылған болатын. Нәтижесінде ҚР ҚК әр түрлі әскери бөлімдерінің 80 әскери қызметшісінің ішінен 27 әскери қызметші іріктеліп алынды.

Сайыс 30 шілде мен 5 тамыз аралығында өтеді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"