ҚР ҚК ӘТК корабльдері теңіз жорығының тапсырмаларын орындау үшін теңізге шықты

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің корабльдері Каспий теңізінің су айдыны бойынша жиын-жорық өткізу үшін теңізге шықты.

Қазақстан ӘТК біртекті корабльдерінің тактикалық тобы «Орал», «Сарыарқа» және «Қазақстан» зымыран-артиллериялық корабльдерінің құрамында Ақтау портынан жыраққа кетіп, теңіз жорығының тапсырмаларын орындау үшін теңізге шықты.

Жиынның мақсатты Каспий теңізінің қазақстандық секторында қолайлы жедел режімді ұстап тұру, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз жалауын көрсету болып табылады. Жиын-жорықты өткізу барысында ҚР ҚК ӘТК-нің корабльдері теңізге ауысуда корабльдің әуе шабуылына қарсы қорғанысын, корабльге қарсы және минаға қарсы қорғанысты ұйымдастыру, біртекті корабльдер құрамасының құрамында корабльдердің орағытуы секілді тапсырмаларды пысықтайды.

Әскери теңізшілер 30 мм АК-306 артиллериялық қондырғыдан, 23 мм зениттік құрылғыдан және 12,7 мм «Утес» оқшашарынан теңіз межелері бойынша практикалық оқ атуларды өткізеді.  «Мұндай іс-шаралар корабль экипаждары жеке құрамының жоғары машығын, корабльдердің бірлесіп жүзуі кезінде үйлесімділігін, жауынгерлік бөлімге деген жауапкершіліктерін арттырады», - деп аталмыш жиында жетекші болып табылатын 29011 әскери бөлімінің командирі 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков атап өтті.  

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы корабльдердің жиын-жорығы ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы вице-адмирал Жандарбек Жанзақовтың жетекшілік етуімен ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік даярлығы жоспарына сәйкес өтіп жатқанын естеріңізге сала кетейік. 

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"