ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы ерлік сабағын өткізді

Астанада Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында №75 мектеп-гимназиясында ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы  контр-адмирал Жандарбек Жанзақовпен кездесу өтті.

Әскери қызметшілер жоғары сынып оқушыларына жалпы Қарулы Күштердегі, сондай-ақ Әскери-теңіз күштеріндегі қызметтің ерекшелігі мен беделі туралы айтып берді және назарларына әскери теңізшінің күнделікті жұмысы мен дәстүрін толыққанды сипаттайтын фильм ұсынды. «Былтырғы жылы Қорғаныс министрінің бұйрығы бойынша Қазақстанның азаматтық университеттерінде қыз балаларға әскери кафедраға түсу, ер балалармен қатар білім алу және қалауы бойынша әскери қызметшінің мансабын жалғастыруға мүмкіндік алды. Сонымен, бізде әскери қызметшінің жарқын үлгісі ретінде бүкіл ТМД-да жауынгерлік корабльде қызмет етіп жүрген тұңғыш әйел 1-дәрежелі старшина Жанар Ыбыраева болып табылады», - деді   контр-адмирал Жандарбек Жанзақов. «Мұндай іс-шаралар жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру үшін өте маңызды. Егер тым болмағанда 10 оқушы Отан қорғаушының жолын таңдаса, бұл ең алдымен мен үшін мақтаныш болады. Мектебімізде саптық және әндер байқауын, Жеңіс шеруін өткізу дәстүрге айналған. Осылайша, біз балаларымызға тәрбие беріп, Отансүйгіштікке баулимыз», - деп мектеп директоры Салтанат Әбдірахманқызы атап өтті. Одан басқа, 68665 әскери бөлімінің базасында елордалық оқушылар үшін  «Мәңгілік ел» тұғыры – қуатты Армия!» тақырыбында ашық есік күні өтті. Іс-шараға Астана қаласының 9-10 сынып оқушыларының 120-дан аса оқушысы қатысты. Іс-шараның мақсаты жастардың ҚР Қарулы Күштерінің қатарында қызмет етуге қызығушылығын арттыру, жастардың патриоттық рухын көтеру. Оқушылар әскери қызметшілердің жауынгерлік сабақтарын көрді. Мұражайға экскурсия жасады. Әскери қызметшілердің тыныс-тіршілігімен танысты. Бүгінде ҚР Қарулы Күштерінің қатарында қызмет ету аға буынның батырлық және жауынгерлік дәстүрі негізінде қаланған әрбір азаматтың міндетіне, патриотизмнің қуатты адамгершілік мектебіне айналды. Бұл мереке еліміздің ішінде және оның аумағынан тыс Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделі мен абыройын арттыруға негізделген.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"