ҚР ҚК әскери оқу орындарында жас лейтенанттардың салтанатты шығарылымы өтті

ҚР ҚК әскери оқу орындарында жас лейтенанттардың салтанатты шығарылымы өтті
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

Алматы қаласында Құрлық әскерлерінің Әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының 553 лейтенант түлектерінің бітіру салтанатты рәсімі өтті.

Бүгінгі түлектер арасында 50 үздік, олардың ішінде, институтты алтын медальға тәмамдағандар, «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төсбелгіні табыстай отырып, диплом алғандар, жауынгерлік даярлықтағы үздік көрсеткіштері мен әскери борышты үлгілі орындағаны үшін ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» жаңа ведомстволық медальді иемденгендер бар.

Одан басқа, үздіктер қатарында «Алтын белгі» наградасының төрт иегері. Бүгінде жоғары әскери оқу орындары жоғары білікті офицерлік кадрларды даярлаудың негізгі ұстаханасы және қазақстандық армияның жауынгерлік әлеуетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Жоғары әскери оқу орындарының шығарылымы Қарулы Күштері үшін ғана емес, сонымен бірге, жалпы мемлекет үшін де атаулы оқиға. Елбасы – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Отан қорғау» маңызды тапсырманы жүктей отырып, офицерлік кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлетінін айта кету қажет.

 Өзінің сөз сөйлеулері барысында Мемлекет басшысы «Офицерлер корпусы – әскердің алтын қоры, Қазақстанның әскери қуатын нығайтуда маңызды рөл атқаратын оның басты бекітпелі негізі» екендігін бірнеше мәрте атап өткен болатын. Салтанатты митингі барысында ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, әскери оқу орындарының қолбасшылықтары, ата-аналары, туысқандары, жергілікті атқару органдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері бітірушілердіқошеметке бөледі. ҚР ҚК ҚӘ Әскери институтының түлегі Диас Байжұма оқу кезінде өзін тек жақсы жағынан көрсете білді.

Оның мұрағатында әскери парызды үлгілі орындағаны үшін бір емес бірнеше грамоталар мен алғыс хаттар бар. Армия бізді әскери істің негізін білуге, тактикалық шеберлікке, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу өнеріне үйретті. Армия – ол әрбір ер жігітке өту қажет есею мектебі», - дейді лейтенант Диас Байжұма. Салтанатты іс-шара түлектердің Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі және жас лейтенанттардың дәстүрлі вальсімен аяқталды.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений