ҚР Қарулы күштеріндегі әскери тәртіптің ерекшеліктері

Әскери тәртіптің ерекшелігі оны бұзған дәрежесі мен сипатында, мазмұны мен талаптарына қойылатын салаларда көрінеді. Аталған әскери міндеттердің анализі, заңды түрде ғана емес, сонымен бірге моральдық мінезді де нақты түрде көрсетеді. Мысалы: адал, тәртіпті, жүректі болу, әскери жолдастықты нығайту, әскери істі ізеттілікпен орындау және т.б.

Тәртіптік жарғының 3 бабында жазылған, әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіні міндеттейді;

— қоғамдық орындарда өзін мақтанышпен ұстай білу;

— қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу, азаматтарды бұзақылардан қорғау;

— оң шешімін табатын ынта білдіру;

— әскери қимылдарды жүргізудің халықаралық ережелерін қалтықсыз сақтау және білу;

— жаралыларға, ауруларға, тұлғаларға, кеме апатына ұшырағандарға, атыс болған аумақтардағы азаматтарға, сонымен бірге әскери қызметкерлерге үнемі көмек көрсету;

— командирлер мен старшиналарға сыйластық көрсетіп, әскери сыпайылық құқығын сақтауға міндетті.

Тәртіпті нығайту бойынша құқықтық құрал заң жүзінде командирлерге (бастықтарға) беріледі:

— көтермелеу шаралары;

— әскери тәртіпті бұзушы шаралары;

— тәртіптік жазалар;

— тәртіптік іс қимылдарға қосымша шаралар.

Тәртіптік іс қимылдарының ішінде Тәртіптік жарғымен қарастырылмаған айырмашылықтар да бар. Дегенмен заң жүзінде бекітілген командирлер мен бастықтардың тәртіптік практикасында жиі қолданылатын мынадай шаралар бар:

— міндетті демалыстың мерзімін қысқарту;

— арнаулы әскери мекемедегі оқуды тоқтату;

— әскери қызметшіні әскери форманы дұрыс кимегені және әскери сәлемдесу ережесін орындамағаны үшін ұстау;

— сапқа тұру дайындығы мен жарғыны оқу бойынша комендатурада әскери сабақ өткізу шаралары бар.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"