ҚР Қарулы Күштерінде командалық-штабтық оқу-жаттығу өтуде

ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың бұйрығы бойынша Қазақстанның Құрлық әскерлерінде бір уақытта бірнеше полигонда еліміздің шығысы, батысы мен оңтүстігінде өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің құрамалары және әскери бөлімдерімен командалық-штабтық оқу-жаттығу өтуде.

Оқу-жаттығу жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру, жұмылдыру іс-шараларын орындау, жауынгерлік арналым аудандарына марш жасау, сондай-ақ, дағдарыстық ахуалды таратпау кезінде әскерлердің іс-қимылдары мәселелерін пысықтауға бағытталған. Ниетке сәйкес дағдарыс ахуалының қарулы шиеленіске ұласуымен туындауының себебі халықаралық лаңкестік және ұлттық-сепаратистік ұйымдарының қызмет ауқымының кеңеюі болып табылады. Оқу-жаттығу тапсырмаларын іске асыру барысында «Астана» өңірлік қолбасшылығында өңірлік қолбасшылық әскерлерін, аумақтық қорғаныс бригадасының басқармасы мен әскери басқару органдарын жауынгерлік әзірлікке келтіру мәселелері пысықталуда. Оқу сұрақтары жұмылдыра өрістету барысында бірінші кезектегі іс-шаралардың орындалуын, өңірлік қолбасшылықтың жауапкершілік аймағы шегіндегі аумақтық қорғаныстың жоспарлануының ұйымдастырылуын қамтиды.

Дәл осы уақытта шығыс бағытында оқу сұрақтарын 30217 әскери бөлімі барлау бөлімшелерінің жеке құрамы пысықтауда. Әскери қызметшілер «Шығыс» оқу-жаттығу полигонының ауданына қарай 60 шақырымдай қашықтыққа шаңғымен жүріп өтті. Аталмыш бағытта дағдарыс ахуалын таратпауға 63310 әскери бөлімі де тартылды.

Оның ішінде, оқу-жаттығу полигонына шығу жүзеге асырылды, артиллерияның жауынгерлік оқ атуына қызмет көрсете отырып, тапсырмаларды орындауға әзірлік тексерілді. Басқару органдары мен бөлімшелерді тексеру мақсатында батыс бағытында командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында 30238 әскери бөлімімен әрі қарай «Бейнеу» полигонына шыға отырып және тапсырмаларды пысықтай отырып, мотоатқыш батальонын көп нысаналы жеңіл броньдалған тартқышқа және артиллериялық батареяға теміржол көлігімен тасымалдау жүзеге асырылады.

Еліміздің оңтүстігінде командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде 12740 әскери бөлімінің шабуылдау және барлау батальондары Қапшағай қаласының ауданындағы полигонға шығарылды. Бұл жерде оларды қажетті жеке құраммен, қару-жарақпен және әскери техникамен толық жасақтау, сондай-ақ, бөлімшелердің үйлесуі аяқталады. Командалық-штабтық оқу-жаттығудың оқу-жауынгерлік тапсырмаларын пысықтау кезінде барлау, мақсат көрсету, оқу-жаттығудың өткізілу аудандарынан фото және бейнеақпаратты шынайы уақыт режімінде командалық пункттерге шығару бойынша ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылатынын айта кеткен жөн. Соның ішінде, тапсырмаларды пысықтау таңсық жерде өтеді.

Әскерлерді алмастыру құрамдастырылған тәсілмен жүзеге асырылады. Командалық-штабтық оқу-жаттығуға барлығы 1 500-ден аса жеке құрам және 200-ден астам бірлік әскери техника тартылды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"