ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

ҚР Қарулы Күштерінде келісімшарт бойынша әскери қызметке жинақтау жүргізуде

ҚР Қарулы Күштерінде келісімшарт бойынша әскери қызметке жинақтау жүргізуде

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелеріне қатардағы жауынгер және сержанттар құрамында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін 600-ге жуық адам жолданып, қабылданды.

«Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы ҚР Заңына сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарда ҚР азаматтығы болуы, курсанттар мен өзге де санаттағы әскери қызметшілерді есептемегенде, 19 жастан кіші болмауы, әскери есепке алу мамандығы болуы, әйелдерді қоспағанда, мерзімді әскери қызмет өткеруі не ЖОО-ның әскери кафедрасында оқытудан өтуі немесе әскери-оқытылған резервті даярлау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери дайындықтан өтуі тиіс.

Жергілікті әскери басқару органдары жанындағы әскери қызметке қабылдау пункттеріне қазақстандық армияның қатарын толықтыруға ниет білдіргендердің саны толастар емес. Оның ішінде, олардың көбісі ҚР ҚК ҚӘ Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдерінде қызмет етуге ниет білдірді.

Келісімшарт негізіндегі қызмет дегеніңіз келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің  тұрақты лайықты жалақысы, сондай-ақ бірқатар артықшылықтардың кепілі болып саналады. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: полная картина военного парада 2017 в Астане

Инфографика: полная картина военного парада 2017 в Астане