ҚР Қарулы Күштерінде инженерлік машиналарды күрделі жөндеуден өткізді

ҚР Қарулы Күштерінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың құрамына кіретін «Семей машина құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы инженерлік машиналарды күрделі жөндеуден өткізді.

Күрделі жөндеу кезекті күрделі (орташа) жөндеуге дейін техниканың мотоқорын қалпына келтіру үшін жүргізілді. Ол машинаның толық ақаулығын анықтаудан, базалықты қоса есептегенде оның барлық құрамды бөліктерін жөндеу немесе ауыстырудан тұрады. Әрі қарай дәнекерлеу, қалпына келтіру, реттеу және өзге де арнайы жұмыстарды, яғни, құрастырылып, сынамадан өткізіледі және бояу жағылады. ИМР-2 инженерлік қоршау машиналары, БАТ-2 шынжыртабанды жол төсегіштер және ПТС-М жүзбелі шынжыртабанды транспортерлар сияқты техникалардың күрделі жөнделуі жүзеге асырылды. Одан басқа, құрастыру құжаттамасы әзірленіп, осы машиналардың 500-ден аса бөлшегі мен тораптары жасалды, ПТС-М жаңартылуы жүргізілді. Бұдан басқа, әскери мүлікті қорғау үшін кәсіпорынмен ілмелерді, оралмалы қапшықтарды, әртүрлі конфигурациядағы палаткалар мен кез келген материалдарды тігу үшін зауытта ұйымдастырылған жеке меншік тігін учаскесінде 500-ден аса дана брезенттік шымылдықтар тігілді. Қазіргі уақытта Семей машина құрастыру зауытында Қорғаныс министрлігі және азаматтық мақсаттағы өнімге арналған келешектегі тапсырыстарды орындау үшін өндірісті дайындау жүргізілуде.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"