ҚР Қарулы Күштерінде әскерилендірілген кросстан өткен чемпионаттың жеңімпаздары анықталды

Щуче қаласында әскерилендірілген кросс бойынша ҚР Қарулы Күштерінің Чемпионаты басталды. Өңірлік қолбасшылықтардың, басқа әскерлер мен әскери құрамалардың әскери қызметшілері ҚР Қарулы Күштерінің құрама қомандасына кіру үшін сайысқа түсуде. Жеңімпаздардан құралған команда ТМД елдері арасындағы әскерилендірілген кроссқа қатысады.

Қатысушылар жарыс барысында жеке топ сынағы бойынша 1500 және 3000 метрге жүгіруден, БИ-7 аз калибрлі мылтығынан атудан және Ф-1 гранатын алысқа лақтырудан сайысқа түсті. Бірінші күнгі жарыстың қорытындысы бойынша жеке сынақта Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Әйелдер арасындағы жарыста бірінші орынды «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі кіші сержант Л.Губарева жеңіп алса, ІІ орынды – сержант А.Жәкенова («Шығыс» өңірлік қолбасшылығы), ІІІ орынды – қатардағы жауынгер Ш.Сержанова («Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы) иеленді. Бірінші және екінші орынға ие болған қатысушылар арасындағы айырма тек екі минутты құрағанын айта кеткен жөн. «Мен үнемі өзімді сымбатты, шыныққан күйде ұстауға тырысамын. Әскерилендірілген кроссқа 2 ай дайындалдым. Лақтыру мен төзімділіктің жылдамдығын дамытуға деген қажырлылық және күшті даярлықтың қорытындысы өз нәтижесін берді», - деді Людмила Губарева.  Ер азаматтар арасында жеке сынақта үздік шыққан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі, кіші сержант Д.Барлыбаев. Ал ІІ орынды – кіші сержант Ж.Рақымғазы (Аэроұтқыр әскерлері), ІІІ орынды – лейтенант В.Романов (14776 әскери бөлімі) иеленді. Бірінші күннің қорытындысы бойынша 5 әскери қызметші дене даярлығының жоғарғы көрсеткіші болып саналатын әскерилендірілген кросс бойынша спорт шебері кандидатының разрядын орындады. Жарыстың екінші күнінде өткен эстафета барысында командалар 1000  және 1500 метрге жүгіруден және БИ-7 аз калибрлі мылтығынан атудан сайысты. Әскерилендірілген эстафетаның жеңімпаздары Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ ІІ орын – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына, ІІІ орын – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына бұйырды.  «Біздің команда екі ай бойы аянбай дайындалды. Оқу-жаттығу барысында біз ойлы-қырлы  және таулы жерлерден жүгіруге дайындалу нәтижесінде жақсы нәтиже көрсеттік. Дайындықтың арқасында эстафетада жоғарғы нәтижеге қол жеткіздік», - деп Аэроұтқыр әскерлерінің кіші сержанты Рауан Әбілханов атап өтті. Жалпы командалық сынақта жарыстың чемпиондары «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері атанды, ал ІІ орынды Аэроұтқыр әскерлері, ІІІ орынды - «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы алды.  «Бір ай бойы жаттығудың барысында табанды төзімділікке үйрендік және аралық жүгіруді орындадық. Сондай-ақ атыста қажырлылық таныттық, себебі жүгіруден соң демалу қиындап, ату оңайға соқпайды», - деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының дене даярлығы бойынша бастығы майор Әбетаев Төлеген. Чемпионаттың қорытындысы бойынша ҚР Қарулы Күштерінің құрама командасы белгілі болды. Аталған команда ағымдағы жылдың қыркүйек айында ТМД елдері арасында өтетін әскерилендірілген кросс бойынша Чемпионатқа қатысатын болады. Алдағы Чемпионатқа ТМД елдерінен 10-ға жуық мемлекет қатысады деп күтілуде.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"