ҚР Қарулы Күштерінде әскери ант қабылдау рәсімі өтті

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде көктемгі шақырылымның жас толымы әскери ант қабылдады.  Отанға адал әрі қалтқысыз қызмет ету үшін бес мыңға жуық мерзімді қызметтегі әскери қызметші ант берді.

Салтанатты шаралар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен құрамаларында өткізілді.

Отан қорғаушыларды өмірлеріндегі атаулы күнмен құттықтауға ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, әскери бөлімдер мен мекемелердің қолбасшылығы, ата-аналары мен туған-туысқандары келді. 

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер ант қабылдағаннан кейін кіші мамандарды даярлау бағдарламасы бойынша жауынгерлік оқуға кіріседі. Жарты жылдан соң олар артиллерияшы, танкіші, байланысшы, атқыш әскери мамандықтарын алады және толыққанды Отан қорғаушылармен иық тіресе бір сапқа тұрады. 11971 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбазы Ердос Төребай былай дейді.

«Әскерде мінез-құлқымды өзгертіп, елімнің игілігі үшін қызмет еткім келеді. Әскерилер әулетінің өкілі ретінде Қазақстанның Қарулы Күштері қатарына шақырылғаныма қуаныштымын. Армандар орындалады және бүгінгі күн соның жарқын көрінісі».

Қазіргі уақытта әскерге дене бітімі шыныққан, білімді, моральдық тұрғыда тұрақты бозбалалар келеді. Ардагерлер мен әскери бөлімдердің командирлері олар даңқты жауынгерлік дәстүрдің лайықты ұрпағына айналып, Қазақстан Республикасына қалтқысыз қызмет етудің үлгісі болатындарына кәміл сенеді.

2017 жылғы шақыру науқаны барысында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарына барлығы шақырылым жасындағы 16 мыңнан аса азамат шақырылатын болады. 
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"