ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

ҚР Қарулы Күштерінде 7500-ден астам әскери әйел қызмет етеді

ҚР Қарулы Күштерінде 7500-ден астам әскери әйел қызмет етеді

Қазіргі уақытта 7500-ден астам әйел әскери қызметші армияның нығаюына және әскери қызмет имиджінің артуына өз үлестерін қосуда. Олардың 853-і офицерлер құрамының әскери атағын алса, 12-сі – полковник, 42-сі – подполковник, 154-і майор атақтарына қол жеткізді және 640-тан астамы кіші офицерлер құрамының атақтарында қызмет өткереді.

Медбикелер, байланысшылар, іс жүргізушілер тәрізді әлдеқашан әйелдер меңгеріп алған мамандықтардан басқа Қазақстанның армиясында мерген, барлаушы, планшетші және басқа да қыздар қызмет етеді.

Әлем деңгейінде Қазақстанның имиджі мен беделін нығайтуда әскери спортшы қыздар лайықты үлестерін қосуда. Әртүрлі халықаралық жарыстардағы олардың бірнеше мәрте жеңістері Қорғаныс министрлігінің спорттық наградаларының арсеналын толықтырды.

Бұл мысалдар Қорғаныс министрлігі басшылығының гендерлік теңдік талаптарын мүлтіксіз орындайтынын куәландырады. Гендерлік теңдік – қай жынысқа жататынына қарамастан, ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін және саяси, экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық және мәдени өмір салаларына қатысуға нақты қолжетімділігін қамтамасыз ететін құқықтық мәртебе екені белгілі.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мүмкіндіктер теңдігінің қағидаты бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау бойынша халықаралық міндеттемелерді орындау сияқты жұмыстың күрделі бағыттарында да сақталады. Бітімгершілік бригадасында 70-тен астам әйел әскери қызмет өткереді, болашақта әйел әскери қызметшілерді әскери сарапшылар ретінде БҰҰ бітімгершілік миссияларына даярлау және жолдау мәселесін қарау жоспарлануда.

Әйел әскери қызметшілерді мемлекеттік және ведомстволық наградалармен наградтау, оларға атақтар беру және жарлықтармен көзделген басқа да көтермелеулер олардың сіңірген еңбегін тану болып табылады.

Қорғаныс министрлігі армияда әйелдердің қызмет өткеруін жариялауға  бағытталған шараларды қабылдайды. Осы жұмыс аясында әртүрлі іс-шаралар, конкурстар, концерттер өткізіледі. Мәселен, былтырғы жылы өткізілген «Батыр арулар» конкурсы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды және армиялық ортада әдеміліктің жат еместігін танытты. Келешекте осыған ұқсас іс-шараларды жүргізудің оң тәжірибесін ұдайы негізде қолдану жоспарланып отыр. Жалпы Қарулы Күштерде біздің әйелдеріміздің қосқан үлестері  мен жауынгерлік әзірлікті қолдауда сіңірген еңбектері үнемі бағаланып келеді.

Кезінде Мұхтар Әуезов: «Ұлттың болашағы қыздар мен аналардың қолында» деген екен. Одан өзге, «Ер – жерді, ал әйел ұлтты қорғайды» деген қазақтың сөзі де бар.  Бүгінгі таңда армиядағы айымдар – осы айтылған пайымдардан шығып келе жатқандығын дәлелдеген жандар. Қоғамдағы орындарыңыз биік, тұғырларыңыз берік болсын, ханымдар! Армиямыздың айбынын асқақтата беріңіздер! 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: порядок проведения военного парада в Астане

Инфографика: порядок проведения военного парада в Астане