ҚР Қарулы Күштерінде 2017 оқу жылы бойынша әскерлердің қорытынды тексерісі басталды

ҚР Қарулы Күштерінде 2017 оқу жылы бойынша әскерлердің қорытынды тексерісі басталды

Тексерісті Қарулы Күштердің барлық құрамалары мен бөлімдері, сондай-ақ әскери басқару органдары тапсырады. Ағымдағы жылғы қазан айының ішінде тексерілуге жеке құрамның 100%-ы тартылады. Қорытынды тексерістің мақсаты әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігінің, сондай-ақ 2017 оқу жылы бойынша жауынгерлік даярлық нәтижелерінің шынайы жай-күйін бағалау болып табылады.

Құрамалар мен бөлімдерге баға әскери қызметшілердің оқыту пәндері бойынша сынақ пен тест тапсыру негізінде ғана емес, комиссия төрағаларының шешімдері бойынша әрбір бөлімде бірнеше бөлімше жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіріліп, түнгі жағдайларда жауынгерлік оқ атумен тактикалық оқу-жаттығуларды өткізу үшін оқу алаңдары аудандарына шығарылатынын айта кету қажет.
Осылайша, бөлімдердің белгіленген мерзімде арналуы бойынша тапсырмаларды орындау қабілеттілігі мен үйлесімділігі, сондай-ақ командирлердің бағынысты және бекітіліп берілген бөлімшелерді басқара алу шеберлігіне баға беріледі. «Әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы мен кәсіби шеберлігінің қазіргі таңдағы деңгейі бізге тексеру барысында негізгі тактикалық бірлік – батальондық тактикалық топтардың іс-қимылдарын жетілдіруге баса назар аударуға мүмкіндік береді. Дәл осы 2017 оқу жылында әскерлердің жауынгерлік оқуы сапасының негізгі көрсеткіші болмақ», - деді ҚР ҚК Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы генерал-майор Тимур Әбішев.

Қорытынды тексеру 3 кезеңде өткізілетін айта кетейік. Алғашқы екі кезең Қарулы Күштердің құрамаларын, әскери бөлімдерін, түрлердің басқару органдарын, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерін тексеру үшін бөлінген. Үшінші кезеңде Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК Бас штабының құрылымдық бөлімшелері тексерілетін болады.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП