ҚР Қарулы Күштерінің тәрбиешілер институтына – 25 жыл

ҚР Қарулы Күштерінің тәрбиешілер институтына – 25 жыл

Бүгінде Қазақстан Қарулы Күштері тәрбиешілерінің институты өзінің құрылған күнін атап өтуде. 19 қаңтарда Елбасының Жарлығымен қазақстандық армияда командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларының институты құрылды.

Осы сәттен бастап Қарулы Күштердің қалыптасуы және дамуымен байланысты тәрбие жұмыстары органдарының тарихы бастау алды. Бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштерінде арналым бойынша мыңға жуық тәрбие құрылымдарының офицерлері – жеке құраммен жұмыс жасаудағы барлық деңгейдегі мамандар, әскери бөлімдердегі идеологиялық және психологиялық жұмыс мамандары мен ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары мен оқу орталықтарындағы оқытушылар қызметтік міндеттерін атқарып келеді.
25 жыл ішінде тәрбие құрылымдарының офицерлері командирлермен бірлесе әскери ұжымдарда моральдық-адамгершілік жағдайды қалыптастыру, әскери қызметтің беделін арттыру, жеке құрамның абырой мен намысын қорғауды қамтамасыз ету, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін қыруар жұмыс атқарды. Алайда, мұнымен тәрбиешілер институты өзінің дамуын тоқтатпайды.
Жыл сайын іс-шаралардың тұтас кешені іске асырылады. 2017 жылдың маңызды оқиғасы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жасауды ұйымдастыру бойынша әскери бөлімдерде арнайы қызметтердің және ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінде Қарулы Күштердің ардагерлерімен жұмыс дасау жөніндегі бөлімнің құрылуы болды. Жылдан жылға тәрбие және идеологиялық жұмыстар органдарының құрылымы жетілдірілуде. Олардың жұмысының арқасында 2017 жылы ҚР Қорғаныс министрлігімен жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге бағытталған республикалық ауқымдағы 130-дан аса іс-шара өткізілді. Елімізде 100-ден аса кадет сыныптары ашылды. Онда 2800-ден аса бала білім алуда. Кадет сыныптарының тәрбиеленушілері әскери мамандықтң қыр-сырын, менталды арифметиканы, биді, атқа мінуді, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін, шет тілдерін, әдепті және т.б. үйренуде.
Қазіргі уақытта еліміздің Қарулы Күштерінде тәрбие және идеологиялық жұмыстың біртұтас жүйесі қалыптасқанын сеніммен айтуға болады. Қоғамда әскери қызметшінің кәсібі мен әскери қызметтің өсіп келе жатқан беделі, сондай-ақ әскери ұжымдардың жоғары жауынгерлік рухы мен жұмылуы осының айқын дәлелі.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства