2016 жылдың 5 қарашасында Ш. Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында взвод сержанттарының кезекті біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Курс тактикалық, атыс, дене, инженерлік даярлық, әскери топография, техникалық дайындық, сондай-ақ, биылғы жылы енгізілген қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен көшбасшылық секілді пәндер бойынша біліктілікті арттыруды қарастырады.
ҚР Қарулы Күштеріндегі сержанттар құрамын оқытып-үйрету үлгісіне Қазақстан Республикасының өзге де әлеуетті құрылымдары қызығушылық білдіріп отыр. Сонымен, осы курста білім алған ҚР Мемлекеттік күзет қызметі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілерімен өзара іс-қимыл ретке келтірілді. 2016 жыл бойынша Ш. Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының базасында 400-ге жуық сержант әртүрлі курс бойынша білім алғандарын айта кетейік.